АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Әбдікамалова Сафура Түймебайқызы Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны да дәл сондай ерек. Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті. Ел басына төнген кешегі қара түнектің көбесі сетінеп, әділеттің ақ жалауы
көтерілгелі бері қазақтың ұлттық мәдениеті аспанында шуақты нұрын төгіп
жарқырай жайнаған рухани көсемдер туралы, олардың өмірі мен шығармашылық
өнері жайлы, азаматтық болмысы мен қайраткерлік қарымы туралы біраз дүниелер
жазылып, көпке беймағлұм көмескі жайлардың көзі ашылғандай. Қазақ – қағаз
жинамаған, сөз жинап дағдыланған халық қой. Ахаңның көп дүниесі көңілде