0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет27/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

22 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ 
 АЛТЫН ДІҢГЕГІ 
Палмахова Қанзира Құрманғазықызы 
Халқымыздың 
қараңғы 
түнін 
жарық 
қылған 
сөнбес 
жұлдыздарымыздың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол – қазақ халқының 
әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер
тарихи тұлға. 
Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы деп 
танысақ, Ахмет Байтұрсынұлы балалар әдебиетіне ғылыми тұрғыдан келді. 
Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық қызмет 
етті, қазақ халқының көзін ашуға, санасын оятуға барын салды. Яғни, 
Ыбырай Алтынсариннің қазақты сауатсыздықтан құтқару үшін қалаған сара 
жолын әрі қарай жалғады.
Қазақтың маңдайы жарқырап өзге елдермен қатар болуы үшін ең 
алдымен оқу-ағарту ісін аяғына қою керектігін түсінген Ахмет 
Байтұрсынұлының оқу-ағарту идеясы – қоғамдық қызметінің арқауы, 
азаматтық борышының негізі.
Ахмет қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек деген сауалға көп 
жауап іздейді. 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетінің басылымында осы 
мәселе жөнінде көлемді мақаласын жариялайды. Оның осы тұста баса айтқан 
ең өзекті мәселесі – бастауыш сынып 5 жылдық болуы керектігі. Оның 
алғашқы үш жылында барлық пәндер тек өзіміздің ана тілімізде оқытылуы 
керектігін көрсетті. Ғалымның бұл ойына оның мына сөздері дәлел: «Көңілге 
ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау: бастауыш мектептер оқуы 
қазақ үшін 5 жылдық боларға тиіс. Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша 
оқу керек. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу керек. Қыстаулары жиі 
қазақтар да бар, қыстаулары сирек қазақтар да бар. Солардың бәріне 
бастауыш мектеп қолайлы болуы тиіс. Сондықтан әуелі қазақ бастауыш 
мектебі екіге бөлінерге: келіп оқитын, жатып оқитын мектептер». Ахмет бұл 
мектептерді «қыр мектебі һәм қала мектептері» деп те атайды. Бұдан 
А.Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш 
жұмсаған адам. Сол үшін де ол қазақша сауат ашатын тұңғыш қазақ әліпбиін 
жасады. Оны «Оқу құралы» деген атпен 1912 жылы Орынборда басып 
шығарды. Бұған дейінгі қазақ балаларына ұсынылып келген «Бкуварь» 
немесе «Самоучитель» дегендер қазақ балаларының сауатын орыс тілінде
орыс 
графикасымен 
ашуға 
арналған 
болатын. 
Демек, 
Ахмет 
Байтұрсынұлының «Оқу құралы» - тұңғыш әліппеміз. Ал 1926 жылы Ахмет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет