0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет23/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

18 
 
идеясын нақты істермен дәлелдей түседі. Сол кезде шығып тұрған қазақ баспасөзін
осы мақсатта пайдаланады. Әсіресе «Қазақ» газетінің рөлі айрықша болғаны мәлім. 
Бірақ ел билеушілер, бәлеқорлар, полицейлер Ахаңның соңына түсуін қоймайды. 
Газет бетінде жарияланған материалдардың бәрін цензурадан өткізіп, үнемі ақшалай 
айып салып отырады. Салынған айып ақының мөлшері тым асқынып кеткен кезде 
Ахаңның үш ай мерзімге бақтыға өз еркімен отыруға келісім берген кезі де болған. 
Мұны естіген газет оқырмандары тиісті ақшаны жинап төлеп, Ахаңды шығарып 
алған. Газеттің мұндай мүшкіл жағдайға ұшырауын күйіне отырып Ахаң: 
Қалтылдап қайық мініп еспесі жоқ, 
Теңізде жүрміз қалқып кемесі жоқ. 
Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру 
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ. 
Кіреді тентек есі түстен кейін, 
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік, – 
деп өлең жазады. Сол кездегі қазақ елінің халі дәл осындай мүшкіл еді. 
Сауатсыздық салдарынан өзін, елін, жерін кім қалай саудалап, қалай иемденіп 
жатқанын түсіндіруге де мұршасы жоқ сорлы халық. Бұл аз дегендей, өз жағдайын 
таразылап тығырықтан шығу жолын бірлесе, қауымдаса ізденудің орнына 
алтыбақан алауыздықты өрбітетінін қайтерсіз? Ахаңды күйзелткен – қазақтың осы 
жағдайы еді. Осыдан да болар, ол үш ауыз өлеңмен халқымыздың бір дәуірден бір 
дәуірге жалғасқан қылығын ащы әжуалайды. 
Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін Ахаң 1909 жылы Петербургте 
басылған «Қырық мысалындағы»«Малшы мен маса» деген туындысында жасырмай, 
ашық айтады: 
Мысалы, қазақ – малшы ұйықтап жатқан, 
Жыланды пәле делік аңдып баққан. 
Пәленің түрін көрген мен – Сармаса 
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. 
Ойлаймын: «осы сөз де жетеді!» деп, 
«Қатты айтсам, сөзім батып кетеді» деп, 
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзіңді 
Қорқамын сармасадай етеді деп. 
Міне, Ахаң жайында әңгіме қозғағанда, түрлі ойлар түртпектеп, бәрін де 
айтқын келеді. Десек те, А.Байтұрсынұлы оқуы енді ғана басталды деп білеміз. 
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы 
үшін ақтық демі біткенше күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі 
сақталады. Сондықтан да оны қазақтың ұлттық мәдениетінің Хантәңірі деп 
бағалаймыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет