0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет21/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

16 
 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен 
Қоймастан құлағына ызыңдаса?! 
Қазақы мінез, қазақы рух, қазақы менталитет, қазақы тәрбие деген қасиетті 
сөздерімізді үлкен мақтанышпен сөз қылып айтып жүрсек те, осы ұлтымыз үшін 
маңызды ұғымдардың түпкі мағынасы өзгеріп, тек сөз күйінде қоданыста қалғандай 
сезім болады. Біле білсек, қазақы құндылықтарды ішкі мәнін терең түсініп, 
болмысымызға айналдырып, құнды қасиетімізді бойымызда дамыта білсек, әлемді 
таңғалдырарлықтай қазақ халқында мол рухани қазына, сарқылмас рухани қуат көзі 
жатыр. Ұлттық құндылықтарымыз --ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. 
Жұртым, тілім, елім деп еміренген Ахаңдай ерлеріміздің әрбір сөзінде ұлттың рухы 
есіп тұратын.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы, ұлттық 
ғылымының арқауы. Неге? Басқа ұлттың ғалымдары (орыс ғалымдары): «Қалайша 
мектеп оқулықтарын ғылымның басы дейсіз?» – деп таңғалады. Әрине, бұрыннан 
оқу-жазуы бар, ғылымы бар, университеттері үш жүз, төрт жүз жыл бұрын ашылған 
халықтар үшін ғылымның негізін мектептен бастау оғаш көрінетін шығар. 
Шындығында, қазақтың нағыз ұлттық ғылымы – қазақ тілі туралы ғылым, қазақтың 
әдебиеті, қазақтың тарихы туралы ғылым. 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышта» орнықтырған кәсіби «пән 
сөздері» қазақтың асыл сөз өнерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері мен 
артықшылығын танытатын түсініктер күні бүгінге дейін қажеттілігін дәлелдеп 
келеді. Ғалым осы іргелі зерттеуінде ежелгі әдеби мұраға және түркі әдеби 
ескерткіштеріне қатысты пайымдаған теориялық тұжырымдары мен өзі жетік 
талдап, таныған «пән сөздерін» ғылыми айналымға енгізді. Олар: «тірнек өнері», 
«көрнек өнері», «тиіс ғалам», «түйіс ғалам», «арамтер», «мерт», «сергелдең», 
«сауықтама», «сарындама», «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «діндар дәуір», «сындар 
дәуір», «ділмар сөз», «билік сөз», «уағыз», «хикаят», «қисса», «жад дерек», 
«мінәжат», «шежіре», «заманхат» т.б. «Пән сөздері» ежелгі әдеби жәдігерлер мен 
классикалық қазақ әдеби мәтіндер арасындағы дәстүрлі сабақтастықты, үндестікті 
аңғартады. 
А.Байтұрсынұлының қазақ тілі туралы білім-ғылымның негізін салуына 
ағартушылық идеясы себеп болды. Ол ағартушылықты өзінің азаматтық міндеті, 
дүниетанымының кредосы (негізі) деп санаған. Бұл ұлттық сананы көтерудің, өз 
сөзімен айтсақ, қазақты «өзге жұрттар өрге қадам басқанда қатарынан 
қалыспайтын» халық етіп ілгері бастырудың алғашқы арнасы – оқу-ағарту деп білді. 
Қазақтың қалың бұқарасының сауатсыз қараңғылығы рухани-мәдени дамуының 
бірден-бір кедергісі екенін бейнелі тілмен қазақтың намысына тигізе: «надандық, 
өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет