14 қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай
сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп
суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан
келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. Сөз сырына терең үңіле отырып
қазақтың бай мұрасын ғылымға айналдыра білді.
Қазіргі тілтанымдағы жаңа бағыттар мен Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы
арасындағы байланыс арта түсуде. Латын графикасы негізіндегі қазақ
әліпбиін жасауда ғалым А.Байтұрсынұлының нұсқасын негізге алып жасауда.
Нағыз рухани жаңғыру деп осыны айтуға болады. Өшкені жанып, өлкені
қайта тірілгендей.
Өзімнің шағын шолуымды:
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес, бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін, – деген өлеңімен аяқтаймын. Иә, Ахмет
Байтұрсынұлы адамдық дәнін, қайырымдылық, махаббат мәйегін сеуіп, ел
ертеңі үшін аянбай еңбек еткен есіл ер! Міне, қайырымдылық дәнін себуші
мүлде жаңа жағдайда, өзі күрескен өмірден түбірінен өзгеше қоғамда 150
жасқа толып отыр. Туған әдебиетіміз бен халық ағарту ісіне пайдалы ұлы
еңбек сіңірген казақ халқының ірі әдебиетші-ағартушысын шын жүректен
құттықтаймыз!