0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет26/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

21 
 
Ойлама шын достарым мол екен де 
Сөзіне ере берме жол екен деп,
Досыңды қиын іске қайрап тұрған, 
Білгейсің шын дұшпаның сол екен деп.
Сондай-ақ «Өзен мен Қарасу» мысалындағы өзенді өз елін ғылым-
біліммен ағыл-тегіл, өркендетіп жатқан елге ұқсатса: 
«...Қозғалмай бұл күйіңнен жата берсек, 
Боларсыз Қарасудай ақырында»,- деп қимылсыз қарекетсіз жатқан 
қазақтың намысын түрткілейді. 
«Адамдық диқаншысы» өлеңінде:
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Әрине, Ахмет адамдық дәнін, қайырымдылық, махаббат мәйегін 
себуден жалықпады.
Сол секілді қазіргі таңда мектеп бағдарламасына «Қырық мысал» 
еңбегін енгізу керектігін, адами құндылықтар мен асыл қасиеттерді 
мысал арқылы оқыту- бала болашағына жарқын қасиеттерді нұрмен 
сепкендей. Оның ғибрат алар әңгімелері бала өмірі мен тәжірибесіне 
қосылар сусын секілді. Соның дәлелі, мектебімізде «Ұлттың ұлы ұстазы» 
тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілген 
болатын. Сабақтың мақсаты-ақын өмірі мен шығармашылығымен таныса 
отырып, «Сары шымшық», «Қара бұлт», «Түлкі мен қарға» мысалдарын 
талдау. Оқушылармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі-олардың дайындық 
нәтижелерінен көрініс тапты. Мысалда айтылған тәкаппарлық, алаяқтық 
қасиеттері арқылы ел-жұртқа қадірі болмайтынын, ізгілік пен сүйіспеншілік 
қасиеттер арқылы адам жүрегіне жол таба алатындығын сезіне білді. 
Осындай бастамаларды қолға алып, тәлім-тәрбиенің тал бесігі-Ахметтің 
мысалдарынан ұғындыруға болады.
Ақынның аудармашылық, ағартушылық қасиетін тереңінен түсіне білген 
адам-тіл жанашыры, ұлт жанашыры десек, қате айтпағанымыз деп білемін. 
Шоқанның ғалымдығы, Ыбырайдың ағартушылығы, Абайдың ақындығы мен 
аудармашылығы А.Байтұрсынұлының өмірлік мұратына айналған және 
бұларды заманаға лайықты істермен жалғастыра , дамыта түседі.
Білім мен тәрбие беру ісінде А.Байтұрсынов ұсынған пікір- «ұлттық таным, 
ұлттық рухани сана қалыптастыру» тақырыбы әрқашан да мағынасын 
жоғалтпайды. «Ғалымның хаты өлмейді» деген сөздің түпкі мақсаты-осы 
Ахмет Байтұрсыновқа айтылған шығар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет