0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет34/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

29 
 
бағыштады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу 
тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді, «Әліпби», «Тіл құралы», 
«Әдебиет танытқыш» атты кітаптарды қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, 
араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы 
көптеген мақалалар жазады. Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері 
сонау 1913-17 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған 
мақалаларынан айқын көрінеді. Ол туған халықының білім-ғылымға 
ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға 
тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай 
керек»-деп жазды.Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — 
көркем 
аударма. 
Ол 
орыс 
классиктерінің 
шығармаларын 
қазақ 
тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол 
үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне 
аударып, 
«Қырық 
мысал» 
деген 
атпен 
жеке 
жинақ 
қылып 
бастырды.Ахмет Байтұрсынұлы Алматы мұражай – үйі бар 1993 жылы 
құрылған Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атына арнап ескерткіш 
орнатылған Қостанай педагогика университеті Ахмет Байтұрсынов есімімен 
аталады Байтұрсынов мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу 
орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келе, ондай оқу орындары 
қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен де қазақ 
медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік жұмысқа 
қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды.. Байтұрсынов осы пәндердің 
оқулықтарын шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана 
болмағандықтан кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиыншылықтарды 
қынжыла баяндайды. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау 
болашақ алыс өрістерді көруге келгенде алмағайып ағыстарға малтығып
қалың тұманда адаспай Ахмет Байтұрсынұлының әуелі тарихтағы орнына 
тоқталып өткен жөн. Ақан ашқан қазақ мектебі, Ақан түрлеген ана тілі, Ақан 
салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ 
газетінің» 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-
білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытқанда да, тарих 
ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына 
ешкім дауласпайды деп ұлы данышпанымыз Абай есімін бар әлемге 
таныстырған Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтқан болатын. Ахмет атамыздың 
тарихтағы орнын, әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы кейбір 
қайшылықтарын өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамдардың бірі – 
Сәкен Сейфуллин. Ол «Еңбекші қазақ» газетіндегі өз мақаласында былай 
деген екен: «А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. 
Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты 
атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын 
жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, 
қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын 
жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. 
Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет