27 (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің
қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми
баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени
жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін
түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс,
татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы
кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде
қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан
не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын
нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады,
себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды.
«Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл
әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін
бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі
күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің
тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929):
«…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі
мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден,
қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға,
синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім;
төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық
сөйлеу
тәжірибесіне
ыңғайластыру
үшін
ғылыми
терминдерді
қалыптастырумен айналыстым» деген. Қазақ мектептерінің мұқтаждығын
өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды.
Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының
фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі
1914 ж, синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» –
қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының
негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау
салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның
тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі
ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді
қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу,
бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас
сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді.
Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар»,
мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол –
қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы.
Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында
енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы
әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын,
аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз
дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны