0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет33/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

28 
 
Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. 
С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты 
замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ 
халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. шы. Ол бiрнеше 
оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет 
танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып,
1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды. 
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда 
“Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, 
ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы 
қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп 
қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ 
алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.Оқу iсiн жолға қою 
үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол 
бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi 
оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. 
Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп 
қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге 
арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-
кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. 
Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi 
бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл 
жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал 
М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi 
оқу) кiтабын жазды. 
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 
ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” 
деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi 
туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған 
догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың 
белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп 
ойын тұжырымдайды. 
Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз 
– әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң 
дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол 
дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу
жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға 
үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен 
тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды. 
А.Байтұрсынов 
оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге 
тәлiмгерлiк 
қызметiне 
де 
баса 
көңiл 
бөлдi. 
Әрбiр 
оқылатын 
тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi. 
А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамныда білім-
ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет