0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет36/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

31 
 
тұтқынынан Семейге айдалған А.Байтұрсынұлы «Қарқаралы қаласына» деген 
өлеңін жазады: Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, Айдай бер қалса 
адамың қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, Жасырын дыбыс 
шықты шуылдаған. Бүркеніп арсыздардың шайнауына, Жем тапты 
пісірмеген, қуырмаған. Шыққан соң талғамайтын доңыздардың Қасыңа қиын 
болар жуу маған.Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» қазақ әдебиетін жаңа 
тақырыптармен, идеялармен, ойлармен өрнектеп байытты. Абайдың ақындық 
дәстүрі 
ілгері 
жалғасты 
заман 
талабына 
сай 
жігерлі 
поэзия 
туды.А.Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб жазуына кіргізген 
реформасы, қазақ тілі білімнің негізгі терминдерін жұртымыздың образды 
ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға 
тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін 
(морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы 
еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Қазан төңкерісіне шейін 
қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды 
орындарда оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына 
қазақ тілінен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің 
іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі 
бағаланбай қалмақ емес. Мұны пролетариат та бағалайды», — деп жазды 
Сәбит Мұқанов. Хаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары 
маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін 
оқып сүйсінеді».Ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды 
ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақ 
жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.Ахмет Байтұрсынұлы өз арманы 
жолында арыстанның аузына зымыстанның түбінен бара жүріп халқына 
қалтқысыз еңбек сіңіре білді. 
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен 
мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай. Оның өмірбаяны, 
бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен 
тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі 
деп қарауға болмайды. Ол халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел 
жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті. 
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында 
жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген 
үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін 
қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. 
Оның білімдарлығы мен парасат-пайымы ұлттық әдебиеттануымыздың 
іргесін қалады. Халық ауыз әдебиеті, фольклорымызды ешбір әлем 
елдеріндегідей кем еместігін дәлелдеді. 
«Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары қазақ 
жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт жұмысы 
ұлғайып, толықпақшы» Ахмет Байтұрсынов. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет