0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет38/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

33 
 
деуге болады. Байтұрсынов 1917 ж.революциядан кейін өмірге келіп, қазақ 
тарихында терең із қалдырған алаш қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» 
газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Тұтас буынның 
төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы - «Қырық мысал» 1909 
ж. жарық көрді.
1911 жылы төл өлеңдер жинағы «Маса», тұңғыш қазақша 
әліппе 
кітапшасы 
«Оқу 
құралы» 
жарық 
көрді.
Ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, қазақтың әлеуметтік 
өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері
өнер иесі - ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым 
және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, 
ұлттық деңгейге көтерген дарынды тұлға деп мақтанышпен айта аламыз.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік 
өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің 
мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз 
бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз 
әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. 
Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды.
Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеу еңбегі әдебиет тарихына
теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама 
беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Сондай-ақ ол - 
әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші 
ғалым. Байтұрсынов ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті 
қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. Байтұрсынов - 
әлеуметтік 
мәселелерге, 
қоғамдық 
ой-пікірге 
ықпал 
жасаған 
публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол 
кезеңнің шындығынан хабар береді.
Бұрынғы қадім жазуы бойынша әр әріптің таңбасы сөз басында 
біртүрлі, сөз ортасында біртүрлі, сөз аяғында біртүрлі болып белгіленетін. 
Және бас әріп, кіші әріп таңбасы болатын, сөйтіп 28 әріптің 145-150 таңбасы 
бар еді. Ал ол баланың тез сауаттануына үлкен кедергі келтірді. 
А.Байтұрсынов осы әріп таңбаларын 56-ға түсіріп және жаңартып, мүлде 
жеңілдетті. Бұдан балалар тез сауаттанып, жылдам оқи, жаза алатын болды. 
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов 1926 ж. “Әліпбидің” жаңа суретті түрін кітап етіп 
қайта бастырып шығарды. Бұл “Әліпбидің” мазмұны қазақ жағдайына қарай, 
мемлекеттік білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шықты. 
Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық болды. 
Жаңа “әліпбидің” тағы бір ерекшелігі қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті 
үлгілері, төрт түлік туралы өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер 
үзінділерін әр әріпті өтуге байланысты орынды пайдалануы және олардың 
тәлімдік те, танымдық та маңызын ескере отырып іріктелуі еді. 
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін 
қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы 
болды. А.Байтұрсынов 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет