0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет13/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

«
Әліпбиі
»
(Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, 
жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды
дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, 
автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға 
әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, 
оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген. 


11 
 
Сонымен қатар қазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім 
мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «білім алушылардың алған 
білімдерін күнделікті өмірде қолдану» қағидасы басшылыққа алынып жүр. 
Оқытудың бұл жүйесі де Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты 
мақаласында» баяндалады: «Өлі оқудан» көрі «төте оқу» беретін білім 
жандырақ. «төте оқудан» гөрі «көрнекі оқу» беретін білім жандырақ, «баулу» 
беретін білім бәрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы 
шағындағы 
тіпті 
«бала 
оқыту» 
емес, 
тіршілік 
ісіне 
тігілей 
түсіру». 
Осылайша қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр 
түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан біз сан 
жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет 
Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз 
жеткізуімізге болады. 
Қорытындылай келе, ел боламыз десек, А. Байтұрсынов қалдырған 
рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз 
керек, "Байтұрсыновшыл” болу - бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған 
басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн. 
… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін 
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын 
Ел бүгіншіл, менікі - ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді 
болашаққа шақырып тұр. Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: 
«...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге 
тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл». Ол шын 
мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет