0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет11/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

 
 
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымыздағы ерекше тұлға 
Қуанышбай Нұржан Асылханұлы 
Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері
Намыс - рух тамыры, яғни ыстық қайраттың ынтасы, сезім - қан, яғни 
жылы жүректің ісі, сана - ми, яғни нұрлы ақылдың сәулесі. Абай ұлттық 
намысты ұлықтаушы, Міржақып - ұлттық сезімді тудырушы, Ахмет - ұлттық 
намыс пен ұлттық сезімді ұлттық санаға айналдырушы. Оны: "оқыған 
азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі" (М.Әуезов), "қазақ тілінің 
негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам" (С.Мұқанов), 
"ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда
бостандыққа жол көрсеткен Ахаң" ("Ақ жол" газеті), "қалың қазақтың ұлт 
намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз Ахмет" 
(С.Сейфуллин) болатыны содан. 
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері
ағартушы, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… 
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, 
ол - ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ. 
Өз алдына егемен ел болған тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырын 
нығайтып, сол жолда қайта түлеу, рухани жаңғыру кезеңін бастан кешіріп 
отырған бүгінгі күнде Алаш туын көтерген ағаларымыздың рухани мұрасын 
зерделеп, сөздерінің асылын бағалап, құдіретін танытудың маңызы ерекше. 
ХХ ғасыр басы – қазақ ғылымының дәуірлеу кезеңі. Оның сыры Алаш 
арыстарының өзі зерттеу нысаны етіп алған ғылым салаларының негізін 
қалауда ұлттық дәстүрлерді әлемдік өркениет үрдістерімен үйлестіріп, 
оларды өте білгірлікпен ұштастыра білуінде еді. Сондықтан да қазақ тіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет