НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру



Pdf көрінісі
бет45/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру
Шекараның беріктігі мен мемлекеттің әскери қауіпсіздігі тікелей тәуелді 
бас институттардың бірі – Ұлттық Қарулы күштер. Тәуелсіздік алған кезде 
Қазақстанда әскери құрылысқа байланысты тәжірибе болмады.
КСРО ыдырағаннан кейін ТМД-ға мүше мемлекеттер Достастық ел-
дерінің біріккен Қарулы күштері туралы келісімге қол қойды. Дегенмен іс 
жүзінде барлық жас тәуелсіз мемлекеттер өз әскерін құруға бағыт ұстанды.
1992 жылы қаңтардың басында, менің тапсырмаммен мемлекеттік 
әскери доктрина жасау қолға алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы 
бұрынғы КСРО әскери бөлімдерін, қару-жарақ пен әскери дүние-мүлікті 
түгендеуге шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мәртебесі жоғарғы деңгейлі 
шетелдік меймандардың қатысуымен хаттамалық шаралар жүргізуді та-
лап ететін. Мұндай шаралар іс жүзінде барлық елдерде құрмет қарауылы 
бөлімшелері арқылы жасалатын. Сондықтан 1992 жылдың 16 наурызында 
Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының 
республикалық ұланы ұйымдастырылды. Оған үкіметтік күзет батальоны, 
құрмет қарауылы ротасы мен үлгілі оркестр ротасы енді.
Қазақстан әскерінің ресми тарихы мен «Қазақстан Республикасының 
Қарулы күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойған 1992 жылдың 7 мамы-
рынан басталады.


52
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қарулы күштер 40-шы жеке Қызыл тулы жалпы әскери армияның ба-
засында, сондай-ақ Қазақстан аумағында дислокацияланған әскери әуе 
күштері мен әуе қорғаныс әскері базасында құрылды.
1992 жылдың 18 тамызында бұрынғы КСРО-ның Шығыс шекара окру-
гі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара 
әскері жасақталды.
Ел әскері қалыптасқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, бізге қысқа 
мерзімде әскерді тікелей басқару жүйесін құрып, оны қаржыландыруды, 
материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді бір ізге 
түсірудің сәті түсті.
1992 жылдың 8 желтоқсанында басшылық құрамның командирлік жиы-
нында мен Қазақстанның Қарулы күштерін ұйымдастырудың басты прин-
циптерін мәлімдедім, соған сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі 
ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырудың жалпы құрылымында ерекше 
мәнге ие болуға тиісті еді. Сондықтан бізге саны онша көп емес, бірақ за-
манауи, тәуелсіздігімізді қорғау мүддесіне сәйкес кез келген жағдайда әре-
кет етуге әзір әскер керек болды.
1993 жылдың 11 ақпанында Жоғарғы Кеңес алғашқы Әскери доктри-
наны мақұлдады және ол мен бекіткеннен кейін күшіне енді. Ол басынан 
бастап елдің бейбіт саясатын паш етті және қорғаныс сипатына ие болды. 
Одан арғы әскери құрылыстар сол доктринаға сәйкес жүзеге асырылды.
Қорғанысты ұйымдастыру принциптерін, мемлекеттік билік пен басқару-
дың өкілеттігін нақтылайтын 1993 жылдың 9 сәуіріндегі «Қазақстан Республи-
касының Қорғанысы және Қарулы күштері туралы» заңының басты да негізгі 
маңызы болды. Онда сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 
жалпы жүйесіндегі Қарулы күштердің рөлі, орны мен міндеттері белгіленді.
Офицерлік кадрлар даярлау үшін арнаулы курстар мен экстернаттар 
ашылды. Әскери кадрлар даярлауда Алматы жоғары әскери училищесі 
мен 1994 жылы Азаматтық авиацияның Ақтөбе жоғары ұшқыштар учили-
щесінің әскери кафедрасы базасында құрылған әскери әуе күштері факуль-
теті маңызды рөл атқарды. 
Мен, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде әскери 
кадрлар даярлаған кезде жауынгерлік әрекеттерге, стратегиялар мен за-
манауи шайқас тактикасының тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу керек деп 
есептедім. Қаржының шектеулі екеніне қарамастан, осы мақсатта жүйе-
лі түрде әскери жаттығулар өткізілді. 1993 жылы корпустар мен дивизия 
штабтарының қатысуымен ірі командалық-штабтық жаттығулар жүр-
гізілді. 1994 жылдың маусымында Аягөз полигонында Қарулы күштердің 


53
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
басшылық құрамының және құрамалар мен бөлімдер командирлерінің 
қатысуымен жауынгерлік даярлық жөніндегі жаттығулар өткізілді. 1994 
жылдың тамызында мен Жамбыл облысындағы дивизиялық-тактика-
лық жаттығуларға, 1995 жылдың қыркүйегінде Әскери әуе күштері бөлім-
дерінің кешенді ұшу-тактикалық жаттығуларына қатыстым.
Әскеріміз қалыптасып жатқан уақыттың қиыншылықтарына қарамастан, 
біз қысқа мерзімде Қарулы күштерді басқару жүйесін құрып, әскерді қаржы-
ландыру, оны техника және құрал-жабдықпен, медициналық қызметпен 
қамтамасыз ету жүйелерін жасақтадық. Соңынан әскеріміз өтпелі кезең 
сындарынан абыроймен шықты деуге толық негіз бар. 


54
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет