49
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
1991 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР коммунистік партиясы (ҚКП) өзінің
кезекті съезінде КОКП құрамынан шықты және Қазақстанның Социалистік
партиясы (ҚСП) болып қайта құрылды. Жаңа партияның бағдарламасы
социал-демократиялық принциптерге негізделіп,
оның тең төрағалары
Ермұхамбет Ертісбаев пен Анатолий Антонов болды.
Компартияның мұрагері есебінде оның дүние-мүлкін алған, барлық
аудандарда ұйымдық құрылымын сақтаған және өзінің бұқаралық ақпарат
құралдары бар ҚСП тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі ең бұқара-
лық сипаттағы саяси ұйымға айналды, бірақ 1990-шы жылдардың ортасын-
да өз басшыларының дүрдараздықтарынан соң қызметін тоқтатты.
Сол жылдары дәл осындай себептен Қазақстанның «Азат» республи-
калық партиясы да саяси өмірден кетті, ол 1991 жылы осы аттас, демокра-
тиялық ұлттық мемлекет құруды мақсат еткен азаматтық қозғалыс болып
қалыптасты.
1991 жылдың қазанында саяси идеялы –
құқықтық және әлеуметтік
бағдардағы мемлекет болған «Қазақстанның ұлттық конгресінің» (ҚҰК,
О. Сүлейменов, М. Шаханов) құрылтай съезі өтті. Дегенмен бұл партия ұзақ
өмір сүрген жоқ: көшбасшылары дипломатиялық қызметке ауысқан соң,
саяси бірлестік те қызметін тоқтатты.
Күн сайын қоғамдық өмірдің трансформациялануына байланысты ел
қоғамның әртүрлі топтарының қолдауына ие болып, алда тұрған міндет-
терді шешуде халықты ұйыстыра алатын қауқарлы центристік партияның
қажеттілігін сезіне бастады.
1993 жылдың ақпанында құрылып, екі жылдан соң «Қазақстан халық
бірлігі» партиясы (ҚХБП) болып қайта ұйымдасқан «Қазақстан халықтық
бірлігі одағы» (ҚХБО) дәл осындай партия болды. Партиядағы әріптес-
терім маған партияның саяси көшбасшысы миссиясын жүктеді, ал саяси
кеңестің жетекшісі болып С. Әбдірахманов сайланды.
Дәл сол 1993 жылы Қазақстан коммунистері Қазақстан Компартиясын
қалпына келтіру мақсатымен ҚКП-ның ХІХ съезін шақырды. 1994 жыл-
дың ақпанында қалпына келген партия тіркеуден өтті және өз қызметін
бастады, қазан айында Б. Төлепбаев ҚКП ОҚ хатшысы атанды. 1994 жылы
құрылған Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы (ҚХКП, көш-
басшысы Ө. Сәрсенов) өз бағдарламасының
басты бабы ретінде ауыл
тұрғындары мен кооператорлардың мүдделерін қорғауды таңдады. 1995
жылдың қаңтарында құрылған Қазақстанның жаңғыру партиясы (А. Жаға-
нова) тұрғындардың тұрмысы төмен және жеткіліксіз дәрежеде қорғалған
тобына арқа сүйеді. Сол жылдың шілде айында өзінің басты міндеті етіп
50
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
мемлекет жүргізген саясатты қолдауды таңдаған – Қазақстанның демо-
кратиялық партиясы (тең төрағалары – Т. Жүкеев пен А. Сәрсенбаев), ал
қыркүйек айында Қазақстанның республикалық
саяси еңбек партия сы
(Ө. Жолдасбеков) құрылды. «Қазақстан инженерлер одағы» қоғамдық-
сая си бірлестігінің мұрагері ретінде ол бірінші кезекте техникалық интел-
лигенцияның мүддесін қорғады.
1990-шы жылдардың орта тұсындағы Қазақстанның
саяси-партиялық
ландшафты осындай болды. Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялар-
дың көпшілігі негізінен демократия принциптеріне бейімдігін білдіріп, мен
ұсынған тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады. Сонымен бірге, олардың
көпшілігіне тән бір кемшілік – саяси-идеялық құрылымның әлсіздігі мен
электоралды қолдаудың жеткіліксіздігі болды. Көптеген партиялар нақты
бір жетекшінің
ықпалында болғандықтан, олардың одан арғы әрекеті жеке
факторларға тәуелді еді.
Достарыңызбен бөлісу: