НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет46/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

3. 
БАРЛЫҒЫ
 
ДӘЛ
 
ОСЫЛАЙ
 
БОЛҒАН
...
ӘЛЕУМЕТТІК
-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
 
ДАҒДАРЫС
 
ЖӘНЕ
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
 
САЯСАТ
Экономикалық дағдарыс пен оның зардаптары
Б
үгінгі уақыт биігінен алып қарағанда, нақты экономиканы білуім мен іс- 
тәжірибем маған нақты болжамдар жасауға мүмкіндік бергенін айтқым 
келеді. Мен қашанда сенімді шешімдер қабылдай алуым үшін жағдайдың 
даму барысын алдын ала есептеуге тырыстым.
1991 жылдың 25 сәуіріндегі СОКП Орталық Комитетінің пленумында 
сөйлеген сөзімде кеңестік партия басшылығына, сол кездегі елдегі саяси 
және экономикалық жағдайға қарағанда, көп ұзамай ұзақ жылдарға со-
зылатын стагнацияның, гиперинфляцияның жаңа ағысына енетінімізді 
ескерттім. Шынында да, ескі саяси және экономикалық жүйенің ыдырауы, 
байырғы байланыстардың жылдам үзілуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі 
әрекеттердің келісілмеуі зор дағдарысқа алып келді.
1992 жылдың 2 қаңтарында Ресейде басталған бағаның ырықтанды-
рылуы сол кезде әртүрлі тәуелсіз мемлекеттерде тұрып жатқан, сұраным 
созылмалы түрде ұсыныстан басым түсетін тиімсіз кеңестік экономикалық 
жүйені мұраға алған, бұрынғы КСРО-ның барлық азаматтарын есінен тан-
дырды. Жаңа либералды ақиқаттармен бетпе-бет келген Ресейде заңды 
түрде мемлекеттік жүйелеуден босатылған баға бірден шарықтап шыға 
келді.
Өкінішке қарай, менің Ресей басшылығын бағаға байланысты радикал-
ды реформаларды, ең болмаса 1992 жылдың жазына дейін тоқтата тұру 
туралы ұсынысым сәтсіз аяқталды. Осы бағыттағы мезгілсіз әрекеттердің 
Қазақстанға да айтарлықтай зардабы тиетіні айдан анық еді. Ол кезде 
біздің ұсынысымызға ешкім құлақ аспады. Біз күткендей-ақ, нақты шекара-
ның жоқтығынан қазақстандық тауарлар Ресейге тынымсыз құйылып, Қа-
зақстанның ішкі тауар рыногын әлсіретті. Көп ұзамай біздің елімізге, онсыз 
да тауар қат болып тұрған уақытта, соңғы қордан айырылып қалу қатері 
төнді. Мұндай жағдайда бізге Ресей үкіметінің жолымен жүруден басқа 
мүмкіндік қалмаған еді.


55
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
1992 жылдың 6 қаңтарында «Бағаны либерализациялау шаралары туралы» 
Жарлықпен техникалық өнімдердің, халық тұтынатын тауарлар мен қыз мет 
түрлерінің бағасы босатылды. Жағдайдың күрделілігін түсінген мен Қазақстан 
халқына Үндеу тастап, онда әзірге балама нарықтың жоқтығын және бағаның 
көтерілуінен қаша алмайтынымызды тағы бір мәрте атап көрсеттім. Бағаның 
көтерілуі инфляцияның күшеюіне тікелей әсер етті, ол 1991 жылы 190 процент-
ке көтерілсе, 1992 жылы 3 мың процентке дейін жетті, халықаралық сарапшы-
лардың бағамдауына сәйкес, тіпті бұл деңгейден де асып кетті.
Бұл оқиғалар қазақстандық өнеркәсіпке қатты соққы болып тиді. 
Кеңестік кезеңде одақтық нарықта біздің өнімдеріміздің 90 процентіне 
сұраныс болатын. Темір рудасы, қорғасын, фосфат сияқты тауарлар негізі-
нен Ресей кәсіпорындарына жіберілетін. Ол кезде одақтық өнеркәсіп Қа-
зақстанды қағазбен, ағаш материалдарымен, техникамен және мұнай өң-
деу өнімдерімен қамтамасыз ететін. 80 миллион тонна Екібастұз көмірінің 
жартысынан астамын Ресейдегі Челябинск және Свердлов облыстарының 
электр стансалары тұтынатын. «Маңғыстау» өндіріс бірлестігі Самараға 
жылына 14 миллион тоннаға жуық мұнай жіберетін. Жыл сайын Павло-
дар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына Сібірден 12 миллион тонна 
мұнай жеткізілетін.
Дағдарыстың басталуымен тұтыну нарығынсыз, шикізатсыз және айна-
лым қаржысынсыз қалған көптеген қазақстандық кәсіпорындар өндірісті 
қысқартуға, тіпті жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ресейден сода жеткі-
зу тыйылғаннан кейін Ақтөбе хром бірлестіктері зауыты өнім шығаруды 
қысқартты. «Казстройполимер» шикізатсыз қалғандықтан, ол да тоқтады. 
Шина корды жеткіліксіз болуынан «Шымкентшина» тоқтап тұрды. Ресейлік 
коксқа тәуелді «Карбид», «Фосфор», «Химпром» жұмысын тоқтатуға жақын 
еді. Қарағанды металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш және Лениногор 
полиметалл комбинаттары арагідік жұмыс істеп тұрды.
Өз еңбек жолын домна өндірісінен бастаған маған қалыптасқан жағдай 
өте қатты әсер етті. Сондықтан бүкіл күш-жігерімді салып, өндірістік апат-
тың алдын алуға, өндіріс пен жұмыс орындарын сақтап қалуға тырыстым. 
Алайда республикалар арасындағы шаруашылық байланыс бірінен соң бірі 
үзіліп жатты. Әрі бұл процестің тоқтамайтыны да белгілі болып қалған еді. 
Осылайша, 1993 жылы 114 мың адам жұмыс істейтін қазақстандық 130 
ірі кәсіпорынның біразы жұмысын толығымен немесе жартылай тоқтат-
ты. Шикізаттың тапшылығынан тоқтауға мәжбүр болған көптеген зауыттар 
нормасыз жұмыс күніне көшті. 1992 және 1993 жылдары өнеркәсіптің құл-
дырауы жылына 15 процентті, 1994 жылы тіпті 28 процентті құрады.


56
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Әсіресе кеңес үкіметі кезінде жалпыодақтық орталық бюджеттен ірі до-
тация алып келген ауыл шаруашылығы саласына ауыр соқты. Ұжымшарлар 
мен кеңшар басшылары жаңа нарықтық жағдайда жұмыс істеуге әзір бол-
май шықты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының берешегі күн санап 
өсіп жатты. Өңделетін егіс алқаптары қысқарып, өнім мөлшері азайды, мал 
басының қомақты бөлігі көтерме бағамен сатылды. Ауыл тұрғындарының 
тұрмыс деңгейі айтарлықтай төмендеп, тіршілігі ауырлаған ондаған мың 
қазақстандық амалсыз ауылдардан қалаларға қоныс аударды.
Ресейлік баға саясатына тәуелділіктен, энергия ресурстары бағасының 
іс жүзінде бақыланбауынан және несиелердің жоғары мөлшерлемесінің 
әсерінен өндіріс құлдырап, кәсіпорындар арасындағы байланыс үзілді, 
өзара төлем жасау ісі ақсады. Бес триллион рубль тұратын жалпы өндіріс 
жағдайында төленбеген ішкі қарыз мөлшері бір триллион рубльге жуықта-
ды. Оның үстіне сыртқы қарыздар да үлкен болатын. 1993 жылдың қараша-
сына қарай Қазақстан кәсіпорындарының ресейлік контрагенттерге бере-
шегі 600 миллиард рубльге, ал ресейліктердің қазақстандық әріптестеріне 
берешегі 1 триллион рубльге жетті.
Тауар тапшылығы жағдайында ақшаның күрт құнсыздануы баспа-бас 
айырбастың (бартердің) күшеюіне әкеліп соқты – кәсіпорындар түсім үшін 
ақшамен емес, өндірілетін тауармен есеп айырысты. Ол, бір жағынан, 
өндірісті белгілі бір уақытта ұстап тұруға әсер еткенімен, ақырында дағда-
рысты одан әрі тереңдете түсті.
Бағаның көтерілуі, өндірістің құлдырауы, жалақы мен зейнетақының 
кідіртілуі, жұмыссыздықтың өсуі сияқты факторлардың әлеуметтік зарда-
бы ауыр болды. Қазақстандықтардың үштен бірі кедейшілікке ұшырады. 
Көп жағдайда кәсіпорындар жалақыны өздері өндіретін өніммен немесе 
бартерге алынған затпен беретін болды. Электр қуатын, жылу, газ беруде 
іркіліс туындады. Тамақ пісіріп, жылыну үшін адамдар аулада от жақты, ал 
пәтерлерге «буржуйка» пештерін орнатты. Елде ереуіл нышандары байқа-
ла бастады.
Жас та тәуелсіз мемлекеттің нақты мүмкіндіктері, бірінші кезекте, өнер-
кәсіп дағдарысымен күресетін қаржысы болмады. Ол жаппай жұмыссыз-
дыққа әкеліп соқты. Оның тағы бір сипаты болды. Формальды түрде қыз-
меткер штатта деп есептелгенімен, оны жалақысыз демалысқа жіберетін. 
1991–1995 жылдары мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндер саны 1,7 мил-
лион адамға қысқарды. Әсіресе зейнеткерлердің, мүгедектердің, студент-
тердің жағдайы ауыр еді. Мемлекеттік органдарға көмек сұрап өтінген хат-
тар мыңдап жазылып жатты. 


57
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Сол кезеңнің оқиғалары қиын шақта деструктивтік және популистік 
күштердің бірден күшейетінін көрсетті. Дағдарыс – арандату үшін таптыр-
майтын амал: осылайша олар адамдардың санасын жылдам улап, ішкі 
алауыз дықты тудырды. Әсіресе көп ұлтты мемлекет үшін қатерлі жанжал-
дарға май құюға тырысты.
Қылмыстық ахуал да күшейе түсті. Қылмыстық әлем бұған дейін бол-
маған, анағұрлым қатыгез әрекеттер мен формаларға ие болды. 1992 
жылдың ақпанында қарулы қарақшылар Қызылорда облысының Шиелі 
ауылында жолаушылар автобусын басып алды. Ішкі істер министрлігі 
мен Ұлттық қауіпсіздік күштеріне қарақшыларды қарусыздандырып, ке-
пілдегілерді босатудың сәті түсті. Қарағанды металлургия комбинаты-
ның бас директоры А. Свечинскийдің өлтірілуі қоғамда үлкен резонанс 
тудырды. Бұл істі тексеруді мен өз бақылауымда ұстадым және ол көп 
ұзамай ашылды да. Дей тұрғанмен, мұндай қылмыстық істер тоқтаған 
жоқ, қоғамның алаңдаушылығы күшейе түсті.
Ауыр экономикалық дағдарыс тұрғындардың бей-берекет көші-қоны-
на әкеліп соқты және 1990-шы жылдардың бірінші жартысында ол ба-
рынша күшейіп, тұтас елді мекендер қаңырап бос қалды. Орташа өмір 
сүру ұзақтығы 5 жылға дейін қысқарып, бала туу азайды. Дәріханалар-
да тіршілікке қажетті дәрі-дәрмек болмады: импорт тоқтаған, ал отан-
дық фармацевтика өндірісі елдің дәрі-дәрмекке деген сұранысын небәрі 
3 процентке қанағаттандыра алатын. Кадр мәселесі де асқынып тұрды: 
жалақының төмендігі мен жаппай миграцияның әсерінен дәрігерлер 
жетіспейтін еді. 
Тек дәрігерлер ғана емес, сондай-ақ ғалымдар да Қазақстаннан сыртқа 
кетіп немесе кәсібін өзгертіп жатты. 1990-шы жылдардың бірінші жарты-
сында ғылым қазақстандық ғылыми кадрлардың жаппай қоныс аударуынан 
айтарлықтай жапа шекті – олардың саны екі есе қысқарды.
Дәл осындай қаржының жеткіліксіздігінен балабақшалар, мектептер, 
кәсіптік училищелер жабылып жатты. Тіршілік үшін күрес қазақстандықтар-
дың біраз бөлігінің күшін сарқыды. Көптеген ата-ананың балаларына көңіл 
бөлуге уақыты болмады. Ата-ана бақылауынсыз қалған мыңдаған қа-
зақстандық жасөспірім мектепке баруды да қойды. Өз еріктері өздеріне 
тиген балалар мен жалғызбасты қариялар көшеге қайыр сұрап шықты. 
Өз болашағынан күдер үзген көптеген адамдардың әлеуметтік депрессия 
мен апатияға түсуіне де таңғалуға болмайтын. Кейбіреулер маскүнемдікке, 
енді біреулер нашақорлыққа салынды. Жыл сайын БҰҰ жүргізетін арнаулы 
есептерге негізделген Адамның даму индексіне сәйкес, Қазақстан ол кезде 
тұрмыс деңгейі ең төмен елдер қатарында тұрды.


58
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Аса күрделі жағдайға қарамастан, мен қашанда адамдармен ашық 
әңгімеден бас тартқан емеспін. Жұмыстың жоқтығы мен ақшаның 
тапшылығынан өмірден түңілген адамдармен сөйлестім. Ондай кездесулер 
еліміз бойынша жасаған сапарларымда, кәсіпорындарда немесе көшеде, 
кез келген жерде болып жататын. Мен әркіммен сөйлесіп, бірде-бір адам-
ның мұң-зарын ескерусіз қалдырмауға тырыстым, әркім үшін дұрыс шешім 
іздеп таба білдім, қиындықтардың артта қалатыны туралы отандастарым-
ның жүрегіне үміт отын жақтым.
Мемлекет басшысы ретінде мен барлық мемлекеттік қызметшілер мен 
депутаттарды халықпен ашық диалогқа шығуға шақырдым. Тек осындай 
бірлескен түсіндіру саясаты мен даму перспективасының арқасында біз 
қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық және конфессияаралық жан-
жалдардан аман қалдық, унитарлы мемлекетті сақтай алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет