72
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
тапты. Біздің жалпы жүйелі және мақсатты әрекеттеріміздің
нәтижесінде
1995 жылы тұрақтылық пен экономиканы сауықтырудың алғашқы белгілері
байқала бастады.
Бюджет тапшылығын қысқартуға және
шығындарды азайтуға бағыт-
талған қатаң қаржылық саясат инфляцияны ауыздықтауға ықпал етті.
1995 жылы ол, соның алдындағы жылдармен салыстырғанда, 60 процент-
тен кем межені көрсетті. Ал бұл жағымды нәтиже болатын.
Ел тәуелсіздік алған кезден бастап тұңғыш рет өнеркәсіп өндірісінің өсімі
басталды. 1995 жылы өнеркәсіп 13 процентке өсті. Сыртқы саудада жағым-
ды сауда балансына қол жетті. Экспорт импорттан 1 миллиард 250 миллион
долларға артты. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықта
сату долларға шаққанда 2,5 есеге өсіп, импорттан 1,7 есе артық болды.
Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың
жақсарғанын қазақстандықтар-
дың есепшотындағы ақша салымдарының өсу үрдісі дәлелдеді. 1995 жылы
тұрғындардың банк салымдары 5-тен 12 миллиард теңгеге дейін өсті.
1995 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты
жиында мен реформаның бірінші кезеңінің алдын ала қорытындыларын
жасадым. Іс жүзінде бір қаржылық жылда Қазақстан гиперинфляция сияқты
қатерлі экономикалық сынақтан өте алды. Біз тәуелсіздіктің ұлттық валюта
сынды маңызды рәмізін енгізумен қоса, оның сенімділігіне, тұрақтылығы
мен сәтті айналымына қолымыз жетті. Сол арқылы отандық экономиканың
өзіндік келбетін білдіретін, экспорттық секторды қалыптастыратын, әлемдік
нарыққа шығатын арна ашумен қоса, біздің жетекші кәсіпорындарымыз-
дың экономикалық құрдымға түсуін тоқтата алдық. Қазақстан шетелдік
капитал,
инвестициялар, технологиялар,
экономикалық жаңалықтар мен
әлемдік шаруашылық тәжірибе үшін анағұрлым тартымды бола бастады.
Осы жылдар ішіндегі барша әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға
қарамастан, олардан өту процесінде тәуелсіз
Қазақстан өз болашағына
сенімді еді.
73
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Достарыңызбен бөлісу: