68
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Тәуелсіздік алған Ұлттық банк сол жылдың өзінде инфляция қарқынын
төмендетіп, оны 56 процентке дейін азайтқан қатаң монетарлы саясат
жүргізе алды.
Жаңа банктермен қоса, кеңестік дәуірде құрылған бұрынғы банктердің
көпшілігі нарықтың қатаң талаптарына төзе алмай, өз қызметін тоқтатты.
Сол кезде атағы жер жарып тұрған ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржы-
ландыратын «Крамдс-банк» банкротқа ұшырады. Банк жүйесін осындай
кінәраттардан қорғау және қаржы нарығында халықаралық ережелерге
сәйкес жұмыс істей алуға әзір емес жаңа ойыншылардың пайда болуының
алдын алу үшін, Ұлттық банк 1995 жылы іс жүзінде банк қызметіне лицен-
зия беруді тоқтатты.
Салық жүйесінің реформасы да тек заңнамалық функциялар Прези-
дентке көшкен 1995 жылы ғана мүмкін болды. «Бюджет жүйесі туралы» және
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңдар 1991 жылдың
өзінде қабылданған болатын. Алайда, тұтастай алғанда, фискальды саясат
қарама-қайшылыққа толы болды және іскерлік белсенділіктің дамуына ке-
дергі келтірді. Сол кезде қырық шақты болған салық жүктемелері дербес
жағдайда өзгеріске ұшырады.
1995 жылдың 24 сәуірінде «Салықтар және басқа да бюджетке түсетін
міндетті төлемдер туралы» Жарлық күшіне енді. Салықтар саны 11-ге дейін
қысқарып, олардың орнына кірістің корпоративті салығы енді. Оның ор-
таша мөлшері кезең-кезеңмен төмендетілді. Салыққа байланысты көзқа-
растың өзі де өзгерді – енді мемлекет одан тек қана мемлекеттік бюджетті
толтыруды ғана емес, сондай-ақ инвестицияларды ынталандырудың, соған
сәйкес өндірісті дамытудың тетігін көрді.
Достарыңызбен бөлісу: