81
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
ол оның конституциялық құқықтарының шектелуіне негіз бола алмайтыны
атап көрсетілді.
1995 жылғы Конституция қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін нығайт-
ты. Билік бір кезеңде мемлекеттік басқару мен іс жүргізу саласында орыс
тілінің пайдаланылуын тежемей-ақ, мемлекеттік тілдің позициясын айтар-
лықтай нығайта алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде мыңға
жуық қазақ балабақшасы мен орта оқу орны ашылды,
тілдік курс тарды
оқыту тегін жүргізілді.
Қазақстанның күнделікті өміріне туған тіліміздің ешқандай мәжбүрлеу-
сіз оралуы маңызды. Газеттер сегіз тілде шығарылып,
теле және радио ха-
барлар жеті тілде жүргізілді. Әлемдегі украин тілінде – Украинадан тысқа-
ры аймақта шығатын бірден-бір газет – қазақстандық «Украінскі новини»
Украина бюджетінсіз жарық көрді. Қазақстандық корейлердің өмірі туралы
баяндайтын орыс-корей тілді «Корё ильбо» туралы да соны айтуға болады.
Мемлекеттің ойластырылған және прагматикалық тіл саясаты елді ме-
кендейтін барлық этностық топтарды өзінің ұлттық ерекшелігін сақтау
мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Осының бәрі қоғамдық келісімге ықпал етті
және елдегі сәтті қайта құрулар мен оның болашақ жетістіктерінің кепіліне
айналды.
Достарыңызбен бөлісу: