Азия қауіпсіздігі жүйесіне алғашқы қадам Мен 1992 жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессия-
сында Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен алғаш сөйлегенде әлемдік
қоғамдастыққа ауқымды азиялық кеңістікте бейбітшілікті қамтамасыз ететін
ұйым құруды ұсындым. Осы бағыттағы нақты әрекеттер бұрын да болға-
нымен, сәтсіз аяқталған. Заманауи саяси ахуал жағдайында, мен айтқан
Қазақстан Республикасының бастамасына сәйкес, ондай тиімді құрылым –
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) бола алатын.
Мұндай идея тек қана БҰҰ-да қолдау тауып қойған жоқ – оны құрлықтағы
саяси ахуалды нақтылайтын, ЕҚЫҰ мен Араб мемлекеттерінің лигасы
сияқ ты, ықпалды халықаралық құрылымдар да қолдады. Сол кезде ойла-
стырылған нәрсені жүзеге асырудың ұзақ жылға созылған жұмысы бастал-
ды. Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері 1993–1994
жылдары АӨСШК-нің базалық құжаттар пакетін әзірлеген арнайы жұ-
мыс тобын құрды. Ол бұдан әрі осы ұйымның барлық институттарын қа-
лыптастырып, өзара байланыстыру, оның процедураларын реттеп, оған
кіретін елдердің өзара әрекеттестік қағидаттарын орнату үшін қажет бол-
ды. АӨСШК-нің берік заңды іргетасы қаланды, енді жалпыазиялық сенімді
қауіп сіздік жүйе сін құруға мүдделі барлық күштерді ауыр жұмыс күтіп тұрды.