101
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
желтоқсанда, Қазақстан бұрынғы одақтас республикалар болған барлық
жаңа мемлекеттердің тәуелсіздігін ресми түрде таныды.
Осы тарихи кездесудің хаттамасы жоғары деңгейлі келісуші тараптар ретін-
де қатысушы 11 елдің теңқұқылы жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын
құратынын және оның құрылуымен КСРО өзінің тіршілігін тоқтатқанын тіркеді.
Алматы шешімі Одақтың бей-берекет ыдырауын тоқтатып, саяси-өркениеттік
бөлінуге жол бермеді, тәуелсіз жаңа мемлекеттердің әрекеттерін үйлестіруді
қамтамасыз етті – өйткені олардың арасындағы келіспеушілік мүмкіндігі қиын
зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін еді.
Достастықтың жоғары органы – Мемлекет басшыларының кеңесі мен
Үкімет басшыларының кеңесі болды. 1993 жылдың қаңтарында ТМД жарғы-
сы қабылданды. Менің сол кездегі табанды позицияма сәйкес, ТМД – мем-
лекет те, ұлттық құрылым да емес, қалыптасқан
жағдайға тән аймақтық
әріптестік механизмі болып құрылды.
Өйткені басынан бастап барлық саяси шешімдер мүдделі жақтардың
мәмілесі негізінде қабылданды және кез келген мемлекет қандай да бір
шешімдердің орындалуына қатысудан бас тарта алатын. Достастық еркін
бірлестік сипатында қалыптасты.
Алматы декларациясында атап көрсетілгендей, оның барлық қаты-
сушылары жалпы экономикалық, жалпыеуропалық және еуразиялық на-
рық
кеңістігін, қалыптастыруға және дамытуға мүдделі болды. Мұндай
редакцияны Қазақстан талап етті, өйткені біз бүкіл еуразиялық кеңістікте-
гі миллиондаған адамның Достастықтан нені күтетінін жақсы білетінбіз.
1993 жылдың қыркүйегінде қол қойылған Экономикалық одақ құру тура-
лы келісімшарт ТМД елдері арасындағы экономикалық ықпалдастықтың
тұңғыш қадамы болды.
Ол экономикалық процестерді тауарлар,
қызметтер, капиталдар мен
еңбек ресурстары еркін қозғалысқа түсетін жалпы нарық арнасына бұрады
деп күтілді. Іс жүзінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің әрекеттері одан бұрын
әрі қарайғы қаржылық-экономикалық дезинтеграцияны декларациялауы
алшақтық тудыратын.
ТМД мүшелерінде қатаң өзара міндеттеменің болмауынан туындаған
кейбір кінәраттарға қарамастан, өзара әрекеттестіктің қабылданған форма-
ты өмірге бейімдігін көрсетті. Ол қатысушы елдердің бәріне саяси, экономи-
калық және мәдени байланыстарды сақтауға мүмкіндік берді, оның үстіне
әр мемлекет өзінің дербес бағытын таңдай алатын және халықаралық аре-
нада өз орнын сақтайтын. Әзірге әлем қатаң ұлттық құрылымдарсыз пози-
циялардың ымырасын қамтамасыз ететін және көптеген мемлекетаралық
102
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
қарым-қатынастар мәселесінде бірлескен
шешім қабылдай алатын мұн-
дай ұйымды білмейтін. Әсіресе мемлекеттердің бейбіт жағдайда бөлінуіне
және олардың тәуелсіздігінің нығаюына ықпал ететін жоғарғы деңгейдегі
жүйелі кездесулер маңызды болды.
Көп жағдайда ТМД-ның мұндай ыңғайлы форматы Борис Ельциннің
арқасында қалыптасты. Ол Достастықты мемлекетаралық құрылым деп
түсінді. Әрекеттері алып еуразиялық кеңістіктегі қарым-қатынастың күрт
нашарлауына әкеліп соғатын әртүрлі сипаттағы реставрационистердің
аптығын басқан да осы Борис Николаевич болатын.
Қазір соның бәрі
ұмытылды. Бірақ ол – ақиқат жағдай. Сол кездегі Ресейдің беделі мен
Ельциннің ұстанымы ТМД-ның ыдырауына мүмкіндік бермеді. Оның үсті-
не нормативті базалардың құрылуы, ТМД-ның өз ішінде әртүрлі институ-
ционалды құрылымдардың пайда болуы Ельциннің қатысуынсыз өтпейтін.
Менің ойымша, ТМД-ның жиырма алты жылдық тарихы Ресейдің Тұңғыш
Президентінсіз болмас еді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы уақыт өте келе мультиформатты және
анағұрлым тиімді аймақтық интеграцияға көшуге мүмкіндік беретін, тәжіри-
бе жиналуға тиісті алаң болды.
Мен мәселенің басынан бастап оң ниетті аймақтық қарым-қатынастан
Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты түрде дамуын көрдім. 1992 жылдың 15 ма-
мырында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Арме-
ния басшылары негізгі міндеті бейбітшілікті, халықаралық және аймақтық
қауіпсіздікті, тұрақтылықты нығайту, тәуелсіздіктің ұжымдық негізде қорға-
луы, аумақтық тұтастық пен мүше мемлекеттердің еркіндігі сақталуы болып
табылатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды. 1993 жылдың
қыркүйек, желтоқсан айларында келісімге Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия
қосылды. Ол бесжылдық мерзіммен 1994 жылдың сәуірінде күшіне енді.
Осы уақыт мерзімі аяқталған соң, Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстан өз-
дерінің келісімдегі міндеттемелерін ұзартқан жоқ.
Ресеймен арадағы Әскери әріптестік туралы екіжақты келісімнің ай-
мақтық және ұлттық қауіпсіздікте негіз қалаушы маңызы болды. Оған
Борис Ельцин екеуміз 1994 жылдың наурызында қол қойдық және әскери
саладағы ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың іргетасын қаладық.
ТМД ішіндегі тұрақты шиеленістер мен жанжалдар,
саяси қар-
сылықтар Қазақстанның алаңдаушылығын туындатты. Өткір проблема-
лардан қашқақтау, оларды қаперге алмау ауруды асқындыруға, осын-
дай қауіпті әрекеттердің қорқынышты зардаптарының ықтималдылығын
арттыратын қантөгіске, бейбіт халықтың қасіретіне әкеліп соғатын.
Мемлекет басшыларының Кеңесі ішкі
жанжалдарды жою және алдын
103
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
алу мақсатында 1995 жылдың 10 ақпанында Алматыда өткен саммитте
Қазақстан ұсынған ТМД-дағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ту-
ралы меморандумды қабылдады. Ол шекаралардың беріктігі мен ай-
мақтардың тұтастығын сыйлауға деген жаппай әзірлікті, сепаратизмнің
кез келген әрекетін, ұлтшылдықты, шовинизм мен фашизмді тоқтатуды
білдіретін.
Осылайша 1990-жылдардың бірінші жартысында тәуелсіз Қазақстанның
қалыптасуының бастапқы қиын кезеңінде Достастыққа қатысушы елдермен
теңқұқылы ынтымақтастық үшін ыңғайлы жағдай қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: