105
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
1994 жылдың 3 маусымында Қазақстан ойластырылған жобаны басқа
да тәуелсіз мемлекеттер басшыларына жіберіп, еуразиялық бастаманың
жаңа нарықтық негіздегі тәуелсіз мемлекеттердің
экономикалық өзара
әрекеттестігін білдіретінін атап көрсеттім.
1994 жылдың қазанындағы түркітілдес мемлекеттер басшыларының
Ыстанбұл саммитіндегі менің сөзім дәл осы мәселеге арналды. Мен онда
Шығыс Еуропадан Қытайға дейінгі аймақтағы әртүрлі елдер қатыса алуы
үшін, одақтың форматын өзгертуді ұсындым.
Қазақстанның еуразиялық жобасы жаппай қызығушылықпен қоса, үл-
кен резонанс пен қызу пікірталастар тудырды. Оны әртүрлі елдердегі он-
даған партиялар мен қозғалыстар, белгілі қоғам қайраткерлері қолдады.
Еуразия кеңістігінің әр қиырынан, қарапайым адамдардан бастап зияткер-
лік элитаға дейін көптеген азаматтардан менің атыма хаттар түсе бастады.
Еуразиялық бастама нағыз жаңашылдық болатын. Біз 1990-шы жылдар-
дың бірінші жартысындағы күрделі
ахуалды ескерумен қоса, болашақты
да болжадық. Сол кезде Қазақстанның креативті ниетін қабылдауға кей-
бір посткеңестік елдер басшыларының келіспеуі содан болуы мүмкін. Дей
тұрғанмен, сол кезде жүзеге аспаса да, еуразиялық жоба жаңа мемлекет-
тер арасындағы өзара әрекеттестіктің нығаюы мен дамуында үлкен рөл
атқарды және еуропалық, сондай-ақ ортаазиялық аймақтың өзара әрекет-
тестік жүйесін қалыптастырудағы біздің батыл шешімімізді көрсетті.
1994 жылдың 13 сәуірінде, мен Шолпан-Атада
еуразиялық баста-
мамен сөз сөйлегеннен кейін бір айдан соң, Өзбекстан және Қырғыз-
стан жетекшілерімен бірге Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы
келісімге қол қойдық. Осылайша, болашақтағы ортаазиялық экономика-
лық ынтымақтастық құқықтық негізге ие болды. 1995 жылдың қаңтарын-
да Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кеден одағын құру туралы келісімге
қол қойды және Ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бағдарламасын
қабылдады. Сол кезде қол қойылған келісімнің бәрі бірдей жүзеге асқан
жоқ. Дегенмен, жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың
күрделілігіне қарамастан, мен ешқашан еуразиялық экономикалық одақ
міндетті түрде болатынына күмәнданбадым.