НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет59/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Діни ренессанс
Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Әрі 
оның рухани күші дәстүрлі діндерді, конфессияаралық бейбітшілік пен 
келісімді құрметтеуіне негізделеді.
1990-шы жылдардың басында жаңа тәуелсіз мемлекеттерді қамтыған 
діни ренессанс Қазақстанды да айналып өте алмайтын. Халықтар өмірінде 
дін қашанда айрықша маңызға ие болды. Біздің елімізде этностық қана 
емес, сондай-ақ конфессиялық тұрғыда да ерекше жағдай қалыптасты. 
Тұрғындардың көбі ислам дінін, біраз бөлігі христиан дінін ұстанады. Сон-
дай-ақ иудаизм, буддизм және басқа да нанымды ұстанатындар баршылық. 
Әр адамның өмірінде түсіндірілуі қиын, әрі тылсымды мистикалық сәт-
тер болып тұрады. 1994 жылдың аптапты қыркүйек айында алғаш рет Сауд 
Арабиясының қасиетті жерлеріне барғаным есімде. Менің ниетімді түсінген 
король Фадх ибн Абдул-Азиз ибн Абдуррахман әл-Сауд маған қасиетті Қағ-
баның ішіне кіруге рұқсат беруге бұйырған. Одан әрі мұсылман дінінің тағы 
да бір қасиетті жері – Мәдина қаласына бардым. Сол күні аспан шайдай 


79
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
ашық еді. Жаңбыр жаумайтын, құрғақшылық айы болатын. Біз Пайғамбар 
зиратынан шыққан кезде қатты нөсер болып, жауын суы мешіттің мәрмәр 
еденімен сарқырап ағып жатты. Барлық арабтар таң қалып, ғибадат ете 
бастады. Мені Мұхаммед Пайғамбардың зиратына бастап барған молда: 
«Бұл – жақсы ырым. Пайғамбарымыз сіздің ғибадатыңызды қабылдады. 
Әдетте, бұл аймақта жаңбыр тек екі айдан кейін ғана жауатын», – деді.
Кеңестік кезеңде мұсылман дінбасыларының барлық мәселелерін 
штаб-пәтері Ташкентте орналасқан Орталық Азия мен Қазақстан мұсыл-
мандарының Діни басқармасы жүйелеп отыратын. Біздің еліміздің мұсыл-
мандары үшін 1990 жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы-
ның ашылуы ерекше оқиға болды. 
Орыс Православие шіркеуінің қазақстандық епархиясы кеңестік кезең-
де тікелей Орыс Православие шіркеуіне бағынатын. Тәуелсіз Қазақстанда 
Орыс Православие шіркеуінің қазақстандық епархиясын ортақ құрылымға 
біріктіру басталды. 
Конституция елдің барлық азаматтарына, діни сеніміне қарамастан, тең 
құқық береді. Әрі бір кезеңде 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған 
және діни төзімділіктің базалық ұстанымдарын айқындайтын «Дін еркіндігі 
мен діни бірлестіктер туралы» заң қоғамдық тәртіпке нақты қатер төндіретін 
секталар мен ағымдарға байланысты шектен шыққан либерализмімен де 
ерекшеленетін. Қазақстанда олардың қызметіне жол бермеу және бұрынғы 
конфессиялық саясаттың кінәраттарын жою үшін заң кейінірек жетілдірілді. 


80
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет