НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Көші-қон керуені. Атажұртқа оралу



Pdf көрінісі
бет58/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Көші-қон керуені. Атажұртқа оралу 
1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы көші-қон ағысының күшеюі 
барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерге ортақ құбылыс болды. 1990 жылдар-
дың бірінші жартысындағы Қазақстаннан жаппай көшудің сан алуан фак-
торлары бар еді. Экономикалық дағдарыс өндірістің қысқаруына әкеліп 
соқты, кәсіпорындар жабылып, жұмысын тоқтатты, адамдар жұмысынан 
айырылды және оларда ертеңгі күнге деген сенім болмады, алаңдаушылық 
көңіл күй қалыптасты. Көптеген адамдар тарихи Отанына оралуға тырыс-
ты. 1990 жылы елден кеткендердің көпшілігі тұратын жері ретінде Ресейді, 
Украина мен Беларусьті таңдады. Қазақстандық немістер Германияға көшті. 
Еліміздің тұрғындар саны айтарлықтай азайып, ауылдар мен моноқалалар 
қаңырап қалды. Осының бәрі Қазақстанның адами және экономикалық 
әлеуетін әлсіретіп, оның болашағына қатер төндірді және биліктен қоғам-
ды біріктіруге, экономикалық жағдайды түзеуге бағытталған шаралар қа-
былдауды талап етті.
Дегенмен көші-қон үдерісі елді тек қана демографиялық шығынға 
ұшыратып қойған жоқ, сондай-ақ оның алдынан жаңа мүмкіндіктер де 
ашты. 1995 жылдың наурызындағы ҚХА-ның бірінші сессиясында менің 
«тұрақтылықтың қуатты белдігі» ретінде кезінде тарихи отанынан ажырап 
қалған қандастарымыздың мәдениетін, Қазақстанмен ақпараттық және 
адами байланыстарын үзбеуін ескертуім тегін емес еді. Біздің еліміз 
туралы шынайы ақпараттардың кеңінен таратылуы таяу және алыс шет-
елдердегі біздің достарымыздың санын көбейте түспек. 
Сөйтсек, мемлекет «халықтық дипломатияны» сыртқы саясатқа, басқа 
елдермен арадағы қарым-қатынасты дамытуға бағыттай отырып, көші-
қон үдерістерінен де пайдалы нәтиже таба алады екен.
Ол кездегі қазақстандық көші-қонның әртүрлі бағытта болғанын 
түсінудің маңызы зор. Елден көптеген тұрғындар үдере көшіп жатқанда 
шетелдерде тұратын қазақтар, керісінше, тарихи отанына орала бастады. 


78
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Шетелдегі қазақ диаспораларының сан мыңдаған өкілдері елдегі эконо-
микалық дағдарыс пен тұрмыстың төмендігіне қарамастан, тәуелсіз Қа-
зақстанға ағыла бастады. Олардың арасында белгілі ғалымдар, жазушы-
лар, әртістер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар еді. 
Тек қана стихиялы емес, сондай-ақ тәртіппен жүргізілген бұл үдеріс ел 
үшін ауыр соққан көші-қон зардаптарының орнын толтыра алатыны белгілі 
болды. Басқаша айтқанда, қысқа мерзім ішінде тиімді көші-қон саясатын 
жүргізу керек еді. Бұл міндеттің өзектілігін кезінде Қазақстаннан амалсыз 
көшіп кетуге мәжбүр болған қандастарымыздың тарихи отанына оралуына 
жағдай жасау туралы айтылған Стратегия-92 айқын дәлелдеп берді.
1992 жылдың 26 маусымында қабылданған «Иммиграция туралы» заң 
тарихи отанына оралғандарға репатриант мәртебесін беретін. Билік өз 
шешімі арқылы олардың орналасуына тиісті аймақтарды бөліп, материал-
дық-қаржылық көмек жасады. 1991–1994 жылдар аралығында Қазақстанға 
122 мың қазақ, оның ішінде бұрынғы одақтас республикалардан – 57 мың, 
Моңғолиядан – 21 мың , Ираннан – 3,7 мың, Түркиядан 1,9 мың адам қоныс 
аударды.
Қазақтардың атамекеніне бет алған тарихи көшін біз бейнелі түрде 
«Нұрлы көш» деп атадық. Қазақстан мемлекеттік репатриация саясатын 
жалғасты түрде жүргізген әлемдегі санаулы елдердің біріне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет