82
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дәрістерін жүргізуге рұқсат берілді. Мемлекеттік
жоғары оқу орындарында
тегін оқумен қоса, коммерциялық негізде оқыту да енгізілді. Сол жылдары
өмірлік жолын таңдаған абитуриенттер үшін экономика және заң маман-
дықтары, сондай-ақ шет тіліне байланысты мамандықтар мәртебелі болып
саналды.
1992 жылы менің Жарлығыммен, оқуы
шетелдік мұғалімдердің тар-
тылуымен, америкалық несие жүйесі бойынша жүргізілетін Қазақстандық
менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) ашылды. Он-
дағы оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Ол, біздің елді айтпағанда, бүкіл
посткеңестік кеңістіктегі принципті түрдегі жаңа оқу мекемесі болатын.
1990-шы жылдарға тән зияткерлік еркіндік жағдайында ұлттық білім бе-
руді дамытуға әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін енгізу айтарлықтай әсер
етті. Факультеттерде жаңа кафедралар пайда болып, түпнұсқалық бағдар-
ламалар мен әдістемелер енгізілді. Университеттер
кеңестік Қазақстанда
болмаған мамандықтарға оқыта бастады. Атап айтқанда, Әл-Фараби атын-
дағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде және басқа да мәрте-
белі университеттерде сыртқы байланыстар саласына мамандар даярлау үшін
халықаралық қатынастар және елтану бөлімдері ашылды.
Экономиканың жоғары білікті заманауи кадрларға деген сұранысын
қанағаттандыру үшін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жа-
нынан Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі ашылды.
Сол жылы бекітілген Қазақстандық жоғары білім берудің мемлекеттік
стандарты оның бакалавриат пен магистратура деген екі деңгейін енгізді.
Жоғары оқу орындарына түсу емтихандары тест формасында жүргізілді.
Абитуриенттердің білімін бағалаудың мұндай тәсілі объективті және ашық
деп есептелінді. 1995 жылы әр мамандыққа жеке-жеке жоғары кәсіби білім
берудің мемлекеттік стандарттары жасалып енгізілді. Олардың жалпы саны
300-ге жетті.
Біздің болашақты болжау мен стратегиялық көрегендігіміздің бір үлгісі
– 1993 жылдың 5 қарашасында бекітілген «Болашақ»
халықаралық стипен-
диясы болды. Мемлекеттің қаржылық жағдайы елеулі шығындарды ауыр-
сынатынына қарамастан, мен елдің болашағын ойлай отырып, ең лайықты
деген жас қазақстандықтарды әлемнің үздік университеттерінде оқытуға
қажетті қаржы бөлуге пәрмен бердім.
Менің ойымша, елді дамытуда және оның гүлденуіне ауқымды үлес қо-
суда жетекші рөл атқаруға тиісті зияткерлер шоғыры солардан қалыптасуға
тиісті болатын.
1994 жылы Қазақстанның 187 студенті АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Герма-
ния мен Францияға оқуға аттанды. Шетелдік
жоғары оқу орындарымен
83
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
әріптестік дамып, нығая түскен соң бұл кеңістік те ұлғайды: жастарымыз
Қазақстан экономикасына қажетті жаңа мамандықтарға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: