85
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
рейтойлық салтанатты жиында сөйлеген сөзімде мен біздің халқымызға
және таяуда ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттер қоғамдас-
тығына тең құқылы мүше болып енген жас мемлекетімізге моральдық қол-
дау көрсеткені үшін бүкіләлемдік гуманитарлық ұйымға алғысымды біл-
дірдім. Иранда, Түркияда,
Моңғолияда, Оңтүстік Корея мен Пәкістанда
тәржімаланып, жарық көрген Абай туындылары қалың оқырманға қазақ
данышпанының әлемін ашып берді және сол елдермен арадағы мәдени
байланысты нығайтуға сеп болды.
1990-жылдардың бірінші жартысындағы заманауи қазақ әдебиетіндегі
айқын құбылыстар ретінде Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабозын»,
Герольд
Бельгердің «Завтра будет солнце» және «Земные избранники», Иван Ще-
голихиннің «Не жалею, не зову, не плачу» және «Желтое колесо», Әнес
Сарайдың «Еділ-Жайығын» атауға болады.
Сол жылдары елдегі драмалық театрлар да әртүрлі сипатта қызықты
жағдайда жұмыс істеді. Маман Байсеркеновтің, Әзірбайжан Мәмбетовтің,
Рубен Адриясянның, Жанат Хаджиевтің, Райымбек Сейітметовтің, Есмұхан
Обаевтың спектакльдері айтарлықтай табысты жағдайда өтті.
1991 жылы қойылған Әмір Қарақұловтың «Отырардың күйреуі» тарихи
драмасы сыншылар тарапынан жоғары баға алды және «Оскар» сыйлығы-
на ұсынылды. Рас, сол кезде қымбатқа түсетін өткен дәуірдің көріністерін
түсіру оңай емес еді – экономикалық жағдай ұлттық киноиндустрияны тиісті
деңгейде қаржыландыруға мүмкіндік бермеді. Дегенмен кино өнерінде
көркемдік сапа мен бюджет көлемі арасында тікелей байланыс жоқ. Ав-
торларының ерекше дарындарының арқасында ең мәртебелі деген халық-
аралық фестивальдарды мойындатқан қазақстандық аз бюджетті фильмдер
осының айқын дәлелі. Қазақстанның жаңа киносының болмысын Әмір Қа-
рақұловтың «Разлучница», Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті», Сатыбал-
ды Нарымбетовтің «Жас аккордионистің өмірбаяны», Дәрежан Өмірбаев-
тың «Кардиограмма» және тағы да басқа фильмдер қалыптастырды.
1990 жылдардың басындағы ұлттық бейнелеу
өнерінде Салахитдин
Айтбаев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайруз Исмайлова, Исатай Исабаев, Ма-
рия Лизогуб сияқты танымал суретшілермен қоса, жас өнер қайраткерлері
де танымалдыққа ие болды: олардың бәрінің де туындылары халықаралық
байқауларға қатысып, мұрағаттар мен жеке коллекцияларды толықтырды.
Елдің музыкалық өмірі де айтарлықтай өркендеді. 1993 жылы Айман
Мұсаходжаева мемлекеттік «Солистер академиясын» құрып, жетекшілік
етті. Пианист және педагог Жәния Әубәкірованың авторлық музыка мек-
тебі 1994 жылы, Әлібек Дінішевтің театры мен вокал академиясы 1997 жылы
ашылды.
Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Лаки Кесоглу сияқты отандық
86
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
эстрада жұлдыздары бұрынғысынша көрермендерін тәнті ете түсті. Жастар
арасында «Үркер» және «Дуэт L» танымалдылыққа ие болды, алайда басты
табыс бұрынғы кеңестік республикалардың бәрінде танымалдылыққа ие
болған «А-Студио» тобына тиісті болды.
Достарыңызбен бөлісу: