НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


«Президент меморандумы»: популизмді терістеу



Pdf көрінісі
бет51/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Президент меморандумы»: популизмді терістеу 
1994 жылы экономикадағы дағдарыстан және тіршілік деңгейінің төмен-
деуінен туындаған әлеуметтік ахуал өзінің шырқау шегіне жетті және қи-
сапсыз митингілер мен жиындардан көрініс берді. Мен үшін адамдардың 
көзін елдегі жағдайдың бақылауда екеніне жеткізу маңызды болатын. 1994 
жылдың 9 маусымында мен Жоғарғы Кеңесте «Жаңарған Қазақстанға – ре-
формаларды тереңдету және жалпыұлттық келісім арқылы» атты Жолда-
уымды жасадым.
БАҚ «Президент меморандумы» деп атаған сол сөзім шынайы әрі ашық 
болатын. Мен нақты ақиқат жағдайына объективті баға беруге тырыстым 
және дағдарысты алып келген реформалар емес, керісінше, ыдыраған 
Одақтан қалған мұра екенін түсіндірдім. Ал дағдарыс одан шығудың жолын 
іздестіруге, реформа жолына түсуге мәжбүр еткен болатын. 
Реформаның келесі кезеңінің сол кезден де қиынға түсетінін адамдарға 
шын жүректен ескерттім. Әрі Үкіметті экономика үшін зардапты болуы мүм-
кін популистік шешімдерден сақтандырдым. Ондай шешімдер қоғамдық 
пікірдің қысымынан немесе беделді лоббистердің дегенімен қабылдана-
тын. Мен «кірістерді қалыптастыруда тым қауқарсыз және шығындар тура-
лы әңгіме болғанда тым жомарт» Қаржы министрлігін қатаң сынға алдым.
Меморандумда мемлекеттің таяудағы уақытта ақша-несие және банк 
реформаларына бет бұратыны айтылды. Инфляциядан өту және ұлттық ва-
лютаны нығайту шешуші міндет болатын. Ол кезде, қанша қиынға соқса да, 
жауапкершілікті мойынға жүктей отырып, біздің қаржылық тұрақтылықтың 
бірден-бір жолы есебінде – тіршілікке қажеттіліктен басқа, мемлекеттің 
барлық шығындарын қысқартуды азаматтарымызға түсіндіру керек еді. 
Ол дегеніңіз кәсіпорындарды тура және жасырын дотациялаудың, барлық 
салықтық жеңілдіктердің алып тасталатынын білдіретін. Шығынға батқан 
кәсіпорындар банкрот болуға тиісті еді. Тауарлардың және қызметтің бар-
лық түрлеріне еркін баға қойылатын. 
Сол жолы депутаттар алдында сөйлегенде, мен мұндай шешім қа-
былдаудың және дәл осылай бюджетті бекітудің қаншалықты қиынға 
соғатынын түсіндім. Бәріне ауыр тиетінін білдім. Кәсіпорындар тоқтап
жұмыссыздар көбейетін, наразылық күшейетін, тағы да митингілер мен 
қарсылыққа шақырушылар пайда болатын еді. Бәрі үшін алдымен мені 
кінәлауға тиісті еді. Бұған да төзу керек болатын.
Өзім болжағандай, сол кезде Үкіметті ғана емес, сондай-ақ Парла-
ментті, Президентті отставкаға жіберу туралы ұрандар көтерілді. Бізді 
отстав каға жіберуге де болатын. Бірақ нарықтық қатынастарға көшуге 


66
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
байланысты заңдылықтар және одан туындаған қиындықтар қалатын. 
Одан ешкім де айналып өте алмайтын. Ондай жағдайда алтын уақытты 
жоғалтып, бір орында тұрып қалар едік, ахуал ушыға түсер еді. 
Мемлекеттік шығындарды қысқарту есебінен бюджетті теңестіруге қол 
жеткізу – өте батыл, бірақ тәуекелі мол шара еді. Әрі ол қоғамды билікке 
қарсы қоюға ниетті баспасөз бен оппозицияның қатаң сынына ұшырады. 
Алайда бізге қысымға төтеп беріп, белгіленген бағыттан айнымаудың сәті 
түсті. Қаржы жүйесін тұрақтандыру мен экономиканы сауықтыру дәл осы 
Президент меморандумынан басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет