НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Заманға сай нарықтық экономика үлгісінің негізін қалау



Pdf көрінісі
бет47/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Заманға сай нарықтық экономика үлгісінің негізін қалау. 
Жекеменшікті қалыптастыру
1991–1992 жылдары Қазақстанға, бұрын КСРО-ның иелігінде болған, өз 
аумағындағы дүние-мүлік қайтарылды. Мен жаңа нарықтық жағдайда ша-
мамыз келгенше экономиканы мемлекетсіздендіруді жылдамдату керегіне 
сенімді болдым. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік мемлекеттерінде 
жекешелендіру барынша ыңғайлы саяси жағдайда жүзеге асырылса, Қа-
зақстанда оны жүргізу мемлекеттік институттардың өзін қалыптастыруымен 
бір кезеңде іске асты. Ол ерекшелікті ескермеуге болмайтын еді.
1991 жылдың маусымында Қазақ КСР-інің «Мемлекетсіздендіру мен жеке-
шелендіру туралы» заңына қол қойылды, ал қыркүйекте соған сәйкес Мемле-
кеттік бағдарлама бекітілді. Ол сауда мен қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық 
қызмет және коммуналдық шаруашылық салаларындағы жекешелендіруді, 
сондай-ақ ұсақ кәсіпорындарды, автотранспорт, ауыл шаруашылығы және 
басқа да кәсіпорындарды жеке қолға беруді білдіретін.
«Қазақстанды тәуелсіз мемлекет есебінде қалыптастыру мен дамыту-
дың стратегиясында» мен барлық мемлекеттік активтердің 60–70 проценті 
жекеменшікке өтуге тиісті деген міндет қойдым. 1993 жылдың басына қарай 
5 мыңға жуық объект жекешелендірілді.
Купонды механизмді қолдану арқылы тұрғын үй қорын жекешелендіру 
ең жылдам әрі сәтті шара болды. Болар-болмас төлемге қазақстандықтар 
сол кезде өздері тұрып жатқан пәтерлерін жекешелендіріп алды. Осыдан 
бастап олар оны еркін нарықтық бағаға сәйкес сатып, басқасын ала алатын.


59
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Кәсіпорындар мен ұйымдарды жекешелендіру одан әлдеқайда күрделі 
жағдайда өтті. Оның басты субъектілері еңбек ұжымдары болады деген бол-
жамдар айтылған. Мемлекеттік органдар жекешелендіру туралы шешімді 
солардың өтінішінен кейін ғана қабылдайтын. Оның аукционда сатылатын 
немесе дүние-мүлік қызметкерлерге қайтарымсыз берілетін формасын да 
еңбек ұжымы таңдады. Дегенмен көп ұзамай жекешелендірілген көптеген 
кәсіпорындардағы жағдайдың нашарлағаны белгілі болды. Еңбек ұжымда-
ры өздерін тиімді шаруашылық жүргізуші етіп көрсете алмады. Мәселен, 
сауда объектілерінің 40 проценті жекешелендірілгенмен, олардың үлесіне 
тауар айналымының небәрі 4,5 проценті ғана тиесілі болды.
1993 жылдың наурыз айының басында орталық және жергілікті атқарушы 
органдар жетекшілерімен өткен мәжілісте мен тегін келген дүние-мүлікке де-
ген көзқарастың да сондай болатынын, ондай әрекеттің қожайынды тәр-
биелей алмайтынын, керісінше, масылдық пен жауапсыздықтың байырғы 
дәстүрін тереңдете түсетінін айттым. Мен жекешелендірудегі еңбек ұжымы-
ның басым құқығы социалистік психологияны нарықтық қатынастар арқылы 
қалыптастыруға икемдеудің сәтсіз амалы екеніне өте сенімді едім.
Сол мәжілісте сөз болған «Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіз-
дендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» соңынан 1993 жыл-
дың 5 наурызында қабылданды. Ол 1995 жылы аяқталған жекешелендіру-
дің екінші кезеңін бастап берді. Жаңа, ауқымды және күрделі міндеттер 
тұтыну тауарлары нарқын жасаумен, кәсіпкерлікті дамытуға екпін берумен, 
өндіріс тиімділігін арттырумен түсіндірілетін. Жекешелендіру – шағын жеке-
шелендіру (қызметкерлер саны 200 адамға дейін), жаппай жекешелендіру 
(адам саны 200-ден 5 мыңға дейін), жеке жобалар бойынша жекешелен-
діру (адам саны 5 мыңнан асқанда), агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру 
деген төрт бағытта жүргізілді.
Қысқа мерзімде жүзеге асырылған кіші жекешелендіру жеке қолға негізі-
нен жылжымайтын мүлік түріндегі 6 мыңнан астам объектіні берді. Бұдан соң 
бірден тұрмыстық қызмет, сауда мен қоғамдық тамақтандыру салаларында 
ұмтылыс байқалды. Мыңдаған жаңа дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, 
шаштараздар ашылды. Дүкен сөрелері мен базарларға тауар толды.
Кіші жекешелендірудің әлеуметтік тиімділігінің маңызы экономикалық 
маңыздан кем болмайтын. Ол нарықтық қатынастардың негізін құрайтын 
жекеменшік кәсіпкерлердің пайда болуына ықпал етті. 
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыра отырып, Қазақстан Чехияның 
тәжірибесін пайдалануға тырысты: әр азаматқа инвестициялық қорларға 
салуға болатын жекешелендіру купондарының белгілі бір мөлшері тиісті 
болды, оны алушылар, өз кезегінде, оған мемлекеттік кәсіпорындар ак-


60
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
циясын сатып ала алатын. Дегенмен чех үлгісі Қазақстанда жүзеге аспады 
және қор нарығын осылай қалыптастырамыз деген үміт ақталмады.
Жекешелендірілген көптеген кәсіпорын ескі құрал-жабдықтармен жаб-
дықталған болатын және нарықтық жағдайда олар бәсекеге қабілетсіз 
болып шықты. Отандық жас бизнесте дағдарыстан алып шығатын тиісті 
тәжірибе мен білім де жоқ еді. Қор биржасында ашық сауда акциясын ұй-
ымдастыру әрекеті нәтиже берген жоқ, қанағаттанғысыз жағдайына байла-
нысты көптеген кәсіпорындар акциясы құлдырады.
Купондық үлгі іс жүзінде өндіруші және өңдеуші индустрия алыптары-
ның қызметін ынталандырып, табиғат байлығын игеруді жеделдете алмай-
тын. Жекешелендірудің басты мақсаты – кәсіпорынның тиімділігін көтеру 
тек өндіріске ірі инвестициялар тарту арқылы ғана жүзеге асатын еді. Ол 
үшін жедел түрде қомақты инвестициялық ресурстарға ие дәулетті шетел-
дік инвесторларды тауып, қызықтыру керек болатын.
Жекешелендірудің екінші кезеңі бұдан кейінгі – мемлекеттік меншіктегі 
объектілерді ақшаға сату сияқты нарықтық қадамдарға негіз дайындады. 
Кәсіпорындарды акционерлендіру және корпоративті басқаруды енгізу 
жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізілді. Қаржылық-өнеркәсіптік топ-
тар мен холдингтер құрылды.
Жекешелендіру жаңа экономикалық қарым-қатынастарға негіз салды 
және одан арғы реформалардың тірегі және қозғаушы күші есебіндегі орта 
тапты қалыптастырды, сондай-ақ инвестициялық әлеуеті жеткілікті ірі кор-
порациялардың пайда болуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет