1.7 Ядро Ядроның негiзгi компоненттерi: ядро қабықшасы, ядро шырыны,
ядрошық және хроматин.
Ядро қабықшасы. Электрондық микроскоптың мәліметтері бойынша
ядро қабықшасы екі қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі мембраналардан.
Әрқайсысының қалындығы 7 нм шамасында. Морфологиялық жағынан
клетка ішіндегі басқа мембраналардан айырмасы жоқ, белоктар мен
липидтерден тұрады. Сыртқы және ішкі (42-сурет) мембрана арасында
перинуклеарлық кеңістік бар, оның ені 20 нм-ден 60 нм-ге дейін жетеді.
Ядроның қабықшасы клетканың бӛліну кезеңінде жойылып цитоплазманың
құрамына кіреді де, клетка мембранасының жалпы қорын толтырады. Ядро
қабықшасының екі қабатты екенін 1882 ж. Флемминг ашқан.