Негіздері



Pdf көрінісі
бет113/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Ядро шырыны 
ядроның iшкi ортасын түзеді, оны
 
кариоплазма немесе
кариолимфа деп атайды. Онда интерфазалық ядроның ядрошығы мен 
хромосомалар орналасады. Жарық және электрондық микроскоппен
кӛрінбейді. Ядро шырынының мӛлшері әртүрлі болып келеді. Бір 
ядроларда кариоплазма аз (тимустың лимфоциттерінің ядро-ларында т. б.), 
екіншілері кариолимфаға бай болады. Ядро шырынының тұтқырлығы 
цитоплазманың негізгі затының тұтқырлығындай. Ядро шырынында 
белоктар мен РНҚ және нуклеин кышқылдарының синтезіне қатысатын 
ферменттер мен липидтер болады. Мұнда ядроға тән ферменттер кӛп. 
Олардың ішінде АТФ түзуге қатысатын гликолиз ферменттері маңызды рӛл 
аткарады. Ядрода (кариоплазмада) фосфорлық алмасу ферменттері, бос 
нуклеотидтерді синтездеу мен ыдыратуға қатысатын ферменттер тобы
АТФ-азаның ерекше орыны бар. Әсіресе тотықтыру-тотықсыздандыру 
реакцияларында маңызды рӛл атқаратын никотинамидадениндинуклеотид 
(НАД) синтезін катализдейтін НАД-пирофосфорилазаны атауға болады. 
Кариоплазмада белоктық және амин қышқылдық алмасудың ферменттері — 
аргиназа, каталаза, трипсин және тағы басқалар байқалған. Хроматин мен 
ядрошықта синтезделген ӛнімдер ядро шырынында жиналады. Олар 
цитоплазмаға барғанға дейін ядро шырыны арқылы ӛтіп, елеулі ӛзгерістерге 
ұшырайды. Сонымен, ядро шырыны ядро ішінде жүретін әр түрлі 
процестерге энергия жеткізеді. Жасушаның бӛлiнуіне және
рибосомалардың түзілуіне қатысады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет