Командалық апоптозға жататындар : Бұл жағдайда жасуша тіршілікке қабілетті, бірақ ағзаға оның қажеті
жоқ, тіпті зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан оған тіршілігін жою керек деген
команда беріледі.
Мұндай жағдайларға онтогенез сатыларындағы ӛзгерістерді келтіруге
болады:
-
Насекомдар қуыршағындағы метаморфоз кезіндегі жасушалардың
жойылуы.
-
Эмбриогенез кезіндегі пронефростың редукциясы және бірқатар
бастамалардың жойылуы (хорда, т.б).
-
Морфогенез кезіндегі саусақтар арасындағы ―жарғақтардың‖ жойылуы.
Жойылмаса синдактилия пайда болады. Тағы мысал ретінде иммундық
жүйенің қалыптасуы мен қызметін келтіруге болады:
-
Аутореактивті Т- және В-лимфоциттерін жою.
-
Гликокортикоидтардың артық мӛлшері әсерінен лимфоциттердің
жойылуы.
-
Антигендердің ұзақ уақыт болмауына байланысты лимфоциттердің
жойылуы жүреді.