112
Белок р53 активтілігіне, ингибиторлық әсер кӛрсететін – ақуыз Мdm2. Оның
ингибиторлық әсер кӛрсетуі р53 ақуызындағы ингибиторға сәйкес
локусының фосфорлануына байланысты. Егер, ДНҚ-ның екі тізбегі үзілсе,
оны анықтайтын ДНҚ-протеинкиназа р53 фосфорландырып, оған
ингибиторлық қасиет кӛрсететін ақуыз Мdm2 әсерінен босатылады ДНҚ-ның
басқа зақымдарында, мысалы, УК-мен сәулеленгенде, оған әсер кӛрсететін
казеинкиназа ІІ, ол р53 фосфорландырып, активті түрге айналдырады. Р53
ақуызының бұл жағдайдағы ең алғашқы қызметі, р21 ақуызының генін
активтендіреді, ол барлық циклин ЦТК-лар комплекстерінің ингибиторы.
Соның нәтижесінде ЖЦ тоқтауы жүреді.
Егер хромосомадағы ақаулықтар кӛлемді болып, оларды қалпына
келтіру ұзап кетсе, активтігін сақтап отырған р53, басқа гендердің
(ВАХ,KILLER/DR5,PIG) синтезделуіне түрткі болып, апоптоз басталып,
апоптозға басымдылық кӛрсететін гендер бәсеңдейді.
Апоптоз
Апоптоз – жасушаның бағдарлама бойынша тіршілігін жоюы.
Апоптоздың басталуын жасуша ішіндегі арнайы және генетикалық
бағдарланған механизмдер басқарады. Грекше апоптоз – жапырақтардың
түсуі деген сӛз.
Достарыңызбен бөлісу: