клон деп атайды.
51 - сурет. Амитоз. (А – бауыр жасушалары; Б - Amoeba proteus) Жасушалардың кӛпшілігінде ерте ме кеш пе қартаю белгілері пайда
болып, ӛлімге ұшырайды. Жасушалардың әр бір түріне ӛзіне сай бӛліну шегі
тән. Мысалы, адамның фибрабластары тек елу рет қана бӛлінеді, одан кейін
кӛбею тоқтап, тіршілігін жояды. Ағзада үнемі байқалатын тіршілік белгісі
жасушаның жойылуы, бұл процесс физиологиялық регенерация арқылы
тұрақтандырылады. Жасушаның ӛзі де, оның құрылымдық компоненттері де
тозып, қартайып, тіршілігін жойғанда, орнын алмастыруды қажет етеді.
Әртүрлі мүшелер мен ұлпаларды қалыпты жағдайда сақтау ―табиғи‖