белсенділігін арттырушы факторларға сыртқы ортаның қолайлы жағдайы, зат алмасу
процестерінің жоғары деңгейі, иондаушы сәулелердің аз дозасы жатады.
Сомалық жасушалардың кӛбеюі ішкі орта факторларының да әсерінен
жүруі мүмкін, мысалы, жасушалардың бӛлінуін күшейтетін бірқатар
заттар (фитогемагглютинин (ФГА), ӛсімдік текті заттар), ӛсу факторы,
гормондар. Митозды
тежеуші факторларға температуралық шок, нашалар,
әртүрлі улар (мысалы, колхицин, хлоралгидрат және т.б.) жатады. Қазіргі
кезде тек ӛз жасушаларының бӛліну жылдамдығын реттейтін әр ұлпаға
тән арнайы ингибиторлар –
кейлондар ашылған. Мысалы, эпидермальды
кейлондар тек эпидермиске әсер етеді.
Жасушалық профилерацияны бақылау және реттеу механизмдерінің
бұзылуы патологиялық ӛзгерістерге: жасушалардың бақылаусыз кӛбеюіне
(қатерлі ісіктерге) немесе бӛлінуінің тоқтауына, санының азаюына, мүшелер
мен ұлпалардағы атрофиялық процестерге, қартаюына алып келеді.
Жасушалық пролиферация механизмдерін зерттеу биологияның барлық
салалары үшін ӛте маңызды. Трансплантация, регенерация, жараларды емдеу
және ісіктердің химиятерапиясы барысында алынған нәтижелер жасушалық
пролиферацияның стимуляторлары мен ингибиторлары әсеріне байланысты.