115
физиологиялық жаңару процесіне тәуелді. Мұндай жасушалардың тіршілігін
жоюы
―апоптоз‖
деп аталады. Апоптоз – жасушаның
бағдарлама бойынша
тіршілігін жоюы. Апоптоз – қызметі бойынша ―қажетсіз‖ жасушадан
біртіндеп (маңындағы жасушалардың қызметін бұзбай), физиологиялық
арылу. Қазіргі кезде апоптоздың және басқа патологиялық жағдайлардың
тікелей байланысы күмән келтірмейді.
Апоптозды реттейтін гендер
қызметінің бұзылуын зерттеу, бұл ауруларды емдеуде жаңа бағыттарды
дамытуға мүмкіндік береді. Апоптозды реттеуге мүмкіндік беретін
дәрілік заттарды
жасау қатерлі ісіктерді, вирустық инфекцияларды, жүйке
жүйесінің бірқатар ауруларын, иммундық жетіспеушілік және басқа
ауруларды емдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалы,
ісік және
лимфопролиферативті ауруларда апоптозды күшейту, ал жасушаларды
зақымдайтын ауруларда, керісінше апотозды тежеу қажет.
Алайда тірі ағзадағы жасушалар, тіршілігін
сыртқы зақымдаушы
факторлардың әсерінен де жоюы мүмкін. Жасушаның мұндай тіршілігін
жоюын
―некроз
‖ деп атайды. Некроз (грек сӛзі nekros - ӛлі) тірі ағзадағы
жасушалардың және ұлпалардың патогенді факторлардың әсерінен
тіршілігін жоюы. Жойылудың бұл түрі гендермен бақыланбайды. Оны
келесі факторлар туындатады: физикалық (оқпен
зақымдалу, радиация,
электр тогы, тӛмен және жоғары температура – үсік шалу және күйік);
токсикалық (қышқылдар, сілтілер, ауыр металл тұздары,
ферменттер,
дәрілік заттар, этил спирті және т.б.); биологиялық (бактериялар,
вирустар, қарапайымдар және т.б.).
Әрбір жасушаға тіршілігін жоюы тән қасиет. Белгілі бір түрдің тіршілік
ұзақтығы мен жасушаларының бӛліну саны арасында тікелей байланыс бар.
Қартаю процесі, жасушалар бӛлінуінің тоқтауына және жасына байланысты
жасушаларда болатын ӛзгерістерге де тәуелді. Қартаю себебіне бірнеше
кӛзқарас бар:
1) транскрипция және трансляция процестеріндегі қателіктердің жиналуы
(дефектісі бар ақуыз синтезі
жоғарылап, жасушалардың қалыпты
қызметінің бұзылуы);
2) ұзақ тіршілік ететін ДНҚ түрлерінен, қысқа тіршілік ететін ДНҚ түрлері
мӛлшерінің аса артық болуы (бұл кездейсоқ мутацияға тӛзімділікті
кемітеді);
3) биохимиялық процестерді баяулататын және жасқа байланысты
ӛзгерістерге (шаштың ағаруына, климаксқа, тістің түсуіне және т.б.)
әкелетін қартаю гендерінің болуы.
Осы гипотезалар қартаю процесінің міндетті түрде жүретінін кӛрсетеді.
Бірақ оны баяулатып, ағзаның тіршілігін ұзартуға болады. Мысалы, адам жүз
116
жылдан артық ӛмір сүре алады. Жасуша циклының реттелу механизмдерін
зерттеу және адам ағзасын ерте қартаю процестерінен қорғау қазіргі
биология мен медицинаның ең қызықты мәселелерінің бірі.
Бір жасушалы ағзалардың кӛбею жылдамдығы ядро кӛлемінің
цитоплазма кӛлеміне қатынасымен анықталады. Ал, кӛп жасушалы ағзаларда
кӛбею жылдамдығы генетикалық реттеу, жасуша аралық сигнализация және
ӛсу факторларымен анықталады.
Ағзаның ӛсуі мен дамуы бірінші кезекте ДНҚ–дағы
ақпаратқа
байланысты. Ӛсу ДНҚ мен ішкі және сыртқы факторлардың әсерлесу
нәтижесі болып табылады. Ядролар мен жасушалардың бӛліну
Достарыңызбен бөлісу: