позициялық ақпаратына сәйкес мүшенің бастамасы ӛзінің
орналасуын координаттық жүйе бойынша бағалап, содан кейін сол жағдайға
байланысты жіктеледі. Жасушаның орналасуы ұрықтың ұзына бойы осіндегі
белгілі градиентпен орналасқан кейбір заттардың концентрациясымен
анықталады.
1.9.7 Аталық және аналық жыныс бездері Аталық жыныс бездері - жыныс мүшесінің күрделі бӛлігі. Онда
жыныс жасушаларымен қатар жыныс гормондары да түзіліп отырады.
Аталық бездердің құрылысы әр түрлі болып келеді. Адамдарда аталық бездің
пішіні жұмыртқа тәрізді, күрделі түтіктерден тұрады
(58-сурет)
. Сырты ақ
қабықпен қапталған, іші тығыз дәнекер ұлпалардан түзілген перделермен
бӛлінген бӛлімдерден тұрады.
Олардың әрқайсысы иректелген шәует
түтікшелерімен толтырылған.
Жыныс жасушасы ӛтетін әрбір түтіктер арасы
борпылдақ дәнекер ұлпамен толтырылған. Жыныс жасушасы ӛтетін түтіктер
иректелген.