129
Оның қабырғасы сперматогендік эпителий жасушаларынан түзілген,
Сертоли деп аталатын жасушалардан тұрады.
Сперматогендік эпителий жасушалары дәнекер ұлпамен қоршалған
базальдық мембрананың үстінде орналасқан.
Сертоли клеткаларының
арасында жас, жетілмеген жыныс клеткалары сперматогониялар орналасқан.
Түтікшелердің кӛлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда жыныс
жасушалары дамуының әр түрлі кезеңдерін кӛруге болады. Жетілген жыныс
клеткалары, яғни сперматозоидтар түтікшенің ортасында жиналады (58-сурет).
Борпылдақ
дәнекер
ұлпасында,
дәлірек
айтқанда,
иректелген
түтікшелердің арасында Лейдиг клеткалары (эндокриноциттер) орналасады.
Олар аталық жыныс гормоны
тестостеронды
ӛндіреді. Борпылдақ дәнекер
ұлпасында қан капиллярлары мен нервтер де орналасқан.
Сертоли жасушалары пісіп жетілуші сперматозоидтарға механикалық
тірек, қорғаушы және қоректену процестерімен қамтамасыз етеді. Түтіктің
қуысы әр түрлі даму кезеңі барысында жыныс жасушаларына толы болады.
Иректелген түтік қабырғасында жыныс жасушалары бірнеше қабат құрып
орналасады: сперматогонийлер шет жағында, сперматозоидтар ортасында.
Сперматозоидтардың түзілуі (сперматогенез) ирек түтікшелерде жүреді.
Омыртқалы жануарлардың кӛпшілігінде кӛбею, жыл маусымының
белгілі кезеңіне байланысты жүреді. Адамда және кейбір омыртқалы
жануарлардың (иттерде, теңіз шошқасында, егеуқұйрықтарда, т.б.) жыныс
бездерінде сперматозоидтар үздіксіз дамып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: