172
дамуына қажеттің бәрін ана организмінен алады. Плаценттілердің
жұмыртқа клеткалары ӛте кішкентай (диаметрі 100-200 мкм) алецитальді
немесе изолецитальды типке жатады, толық бӛлшектенеді. Бластомерлердің
үлкендігі әркелкі және олардың санының кӛбеюінде
геометриялық
прогрессия байқалмайды. Бластомерлер саны 2 кезеңнен ӛткеннен кейін
олардың саны 3, 4, 5, 7, 9, 11 т. т. болып кӛбейеді. Сүтқоректілердің
кӛпшілігінде бӛлшектенудің нәтижесінде морула пайда болады.
Бӛлшектенудің бірінші бӛлінуінен бастап бластомерлердің екі түрі
байқалады: ұсақ ақшыл және ірі күңгірт бластомерлер. Күңгірт ірі
бластомерлерді ақшыл бластомерлер қаптап ӛседі. Ішкі күңгірт
бластомерлерден эмбриобласт қалыптасады (83-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: