174
болмағанымен құстар мен рептилийлердегі сияқты сүтқоректілерде де
амнион, аллантоис пен сары уыз қапшығы қалыптасады (85-сурет).
Эмбрион аналық организммен ерекше орган —
плацента арқылы
байланысады. Плацента трофикалық, экскреттік және қорғау функцияларын
атқарады. Сонымен бірге иммунобиологиялық қорғау органы және
эндокриндік орган болып та есептеледі. Құрылысына
қарай плацентаның
бірнеше типін ажыратады:
эпителий хориондық, десмахориондық,
эндотелий хориондық және гемахориондық
(86-сурет). Эпителий
хориондық
плацента кейбір қалталыларға, шошқаларға, жылқыға,
бегемотқа, түйеге, тапирге, кит тәрізділерге және басқа сүтқоректілерге тән.
Байланыстың
бұл түрінде ұрық
хорионы жатырдың кілегей
қабықшасының эпителийіне жанасып ғана тұрады. Хорион бүрлері кілегей
қабықшаның ойыстарына ұлпаларын зақымдамай кіріп тұрады. Сондықтан,
қоректік заттар мен оттегі ұрықтың қанына ана қанынан тікелей бармайды,
Достарыңызбен бөлісу: