2.1.1 Эпителиальді ҧлпа немесе эпителий Эпителиальді ұлпаны шекаралық ұлпа деп те атайды. Эпителий деген
термин гректің екі сӛзінен құралған "Эпи"— үсті және "телий"—
емізікше яғни емізікшелерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді.
Дәнекер ұлпалардың емізікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны алғаш рет
- эпителий деп атап, сол терминді қолданған Рюйеш.
Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен сероздық қабықшаларды
қаптайды және организмнің кӛптеген бездерін құрайды. Эпителиальді ұлпа
жасушалардан — эпителиоциттерден тұрады. Эпителийге тӛмендегі белгілер
тән: