185
Онтогенетикалық және филогенетикалық классификациясы
Н. Г. Хлопин бұл классификацияны
эпителийлердің белгілі бір
ұрықтық жапырақшадан шығу тегін негізге ала отырып ұсынған. Ол
эпителийлерді келесі түрлерге бӛлген:
1. Эктодермадан дамитын эпидермалық эпителий (жабынды
эпителий, тері
бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері);
2. Энтодермадан дамитын энтодермалық эпителий (ішектің,
бауырдың,
ұйқы безінің эпителийлері);
3. Мезодермадан
дамитын
целонефродермалық
эпителий
(жыныс
бездерінің, бүйректің эпителийі мен мезотелийі);
4. Жүйке түтігінің бастамасынан дамитын
эпендимогиялық эпителий
(эпендима);
5. Мезенхимадан дамитын эндотелий.
Эпителийдің соңғы екі түрін бірқатар
зерттеушілер эпителийлер
қатарына жатқызбайды. Жұлын каналы
мен ми қарыншаларының
астары — эпендиманы — жүйке ұлпасына, ал
қан тамырларын астарлайтын
эндотелийді - дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: