187
белгісіне қарап, оны щеткалық кӛмкерме деп атаған. Бұл құрылымдардың
плазмалемма ӛсінділерінен түзілгенін электрондық микроскоп арқылы
анықтаған. Әрбір ӛсіндінің ені 0,1—0,2 мкм, ал ұзыңдығы 1—3 мкм, осы
ультромикроскопиялық құрылымдар
микробҥрлер
деп аталады. Бір
жасушадағы микробүрлердің саны мен биіктігі ауытқымалы. Эмбриондық
жасушаларда микробүрлер аз. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің
саны артады. Олар ішек эпителийінің сіңіру беткейлігін 25—30 есе
арттырады. Ішек қабырғасындағы ас қорытудан жиналған түрлі заттар
адсорбцияланып, пиноцитоз арқылы жасушаның цитоплазмасына түседі.
Қоректі заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту
жолындағы бактериялардың ағза ішіне ӛтуіне кедергі болады. Сонымен
бірге, осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы
әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиальді астарының бір
қабатты цилиндр тәрізді жасушалары арасында, жасушаларды
механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын, шырыш бӛлетін бір
жасушалы бездер болып есептелетін кӛптеген бокал тәрізді жасушалар
кездеседі. Ішек эпителийінің жасушалары мен базальдық мембрананың
арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы
мен эпителийдің үдемелі жұмысы жасушаларды тез тоздыратындықтан,
олар түлеп отырады. Ішек эпителийінің құрамында кӛбеюге қабілетті шала
жіктелген жасушалар болады, олар крипталарда орналасқан. Бӛліну
нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, түлеген жасушалардың орнын
басады. Ішек эпителийінің барлық жасушалары 30—36 сағаттың ішінде
жаңарып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: