Негіздері



Pdf көрінісі
бет366/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

2.6.3 Жҥйке талшықтары
Жүйке 
талшықтары глиялық қабықшалармен қапталған жүйке 
жасушаларының ӛсінділері. Жүйке талшықтары ағзадағы орталық жүйке 
жүйесі ми мен жұлынның ӛткізуші жолдарын құраса, олардан шет жақтарда 
жүйкелерді құрайды. Жүйке талшықтары мидың ақ затының құрамына 
кіреді. Жүйке талшығының басты бӛлігін орталық (ӛстік) цилиндрлер 
құрайды. Олар қабықшамен қапталған. Қабықшасының құрылысына қарай 
жүйке талшықтарының екі түрі бар: 
1.
Миелинсіз
(жұмсақ затсыз);
2. 
Миелинді 
(жұмсақ затты) 
Миелинсіз 
жүйке талшығы Шванн жасушаларымен қоршалған бірнеше 
(7—12) орталық цилиндрлерден тұрады. Жұмсақ затсыз қабықшаның 
құрамында миелин болмайды. Жұмсақ затсыз жүйке талшығы жұқа дәнекер 
ұлпалық базальдық мембранамен қапталған. Электрондық микроскоппен 
зерттегенде 
талшықтың 
орталық 
цилиндрі 
Шванн 
жасушасының 
цитоплазмасына батып тұрғандай, ал жүйке жасушаларының ӛсінділері 
Шванн жасушаларының плазмалеммасының қос қатпарына ілініп тұрғандай 
болып кӛрініс берген. Плазмалық мембранада кӛрініс берген қос қабатты 
мезаксон
дейді. Бұл терминді Гассер 1959 жылы ұсынған. Мезаксон мен 
глиялық жасушалар арасындағы шекара жарық микроскопымен кӛрінбейді. 
Аксон мен оны қоршаған Шванн жасушасы ӛз бетінше жеке құрылымдар. 
Олардың саңылаумен бӛлінген мембраналарының ені 10—15 нм құрайды. 
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың Шванн жасушасы бір ядролы, оның 
цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи 
аппараты және кӛптеген митохондриялардың болатынын электрондық 
микроскоп анықтаған. Бұл органоидтардың болуы осы жасушалардың 
белсенділігінің жоғары екенін кӛрсетеді. 
Миелинді
жүйке талшықтары орталық және шеткі жүйке жүйесінде 
байқалады. Бұл талшықтар жүйке импульстерін ӛте тез және дәл ӛткізеді. 
Орталық цилиндрге тікелей жанасып, оны қаптап тұрады. Изоляторлық рӛл 
атқарады деп есептейді. Миелин жүйке талшығын толықтай қаптамайды
белгілі аралықта үзіледі. Үзілген жерін Ранвьенің үзілісі деп атайды (137- 
суреттер). Бұл жерлер Шванн қабықшасымен қапталмайды. Миелин 
қабықшасының үзілуі орталық цилиндрге қажетті заттардың енуіне, иондар 
алмасуына тигізетін әсері маңызды және жүйкелік қозудың жылдамдығын да 
арттырады. Әр миелинді талшықта бір ғана орталық цилиндр болады, оны 


264 
дәнекер ұлпалық базалді мембранамен қапталған леммоциттер қоршап, 
моншақ сияқты тізіліп орналасады (17-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет