прокариоттармен эукариоттарға жiктеледi (16 сурет).
Прокариот Эукариот 16 – сурет. Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының жалпы қҧрылысы 1.4.2 Прокариоттар Прокариоттарға
жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар (грекше
‗‘про‗‘-дейiнгi, ‗‘karion‗‘-ядро, ядроға дейiнгi) жатады. Прокариоттар
жасушаларының кӛлемі 0,5–3 мкм, плазмалық мембранасының сыртында
кӛмірсулар мен амин қышқылдарынан тұратын жасуша қабығы бар.
Олардың жасушалары талшықтар арқылы қозғалады, ал талшықтар
қарапайым құрылысты болып келеді. Прокариоттар жасушаларында
қабықшасының жетілген жүйесі бар және мембраналы органоидтар
болмайды. Әдетте жасуша ішілік мембраналы жүйелер плазмалық
мембраналардан дамып отырады. Плазмалық мембрана цитоплазмаға
кӛмкеріліп, түтік тәрізді құрылым –
мезосоманы түзейді. Онда жиналған
ферменттер АТФ синтезіне қатысады. Прокариоттардың генетикалық
материалы қарапайым құрылысты, гистонды ақуызы жоқ, цитоплазмада