Негіздері


Гистология (грекше  histes



Pdf көрінісі
бет5/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Гистология
(грекше 
histes
- ұлпа, 
logos -
ғылым) - ұлпаларды 
зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары мағынасы кеңейіп, гистология - 
жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, ағзаның әртүрлі ұйымдасу 
деңгейіндегі даму заңдылықтарын микроскоппен зерттейтін ғылым. 
Ұлпалардың құрылысын, қызметін және дамуын білу барлық мүшелердің, 
мүшелер жүйесінің, тұтас ағзаның тіршілік әрекетін дұрыс түсіну үшін қажет. 
Гистология пәні шартты тҥрде 5 бӛлімнен тҧрады: 
1. Цитология – клетка құрылысы мен қызметі туралы ғылым. 
2. Жалпы эмбриология – ұрық, оның даму ерекшеліктері мен қауіпті
сатыларын, ұрықтан тыс мүшелерді және оның қызметін, жануарлар
организмінің эмбрионалдық даму кезеңіндегі заңдылықтарын зерттейді.
3. Жалпы гистология – ұлпаларға тән жалпы заңдылықтар туралы ғылым.
4. Жеке гистология - жүйелер мен мүшелердің дамуын, құрылысын
зерттейді.
5. Гистологиялық және микроскопиялық техника - гистологиялық
препараттарды дайындау және оларды микроскоптау әдістерін зерттейді. 
Гистология 
пәнін 
шартты түрде 
мұндай бӛлімдерге бӛлу, 
материалдарды зерттеу ыңғайлы болу үшін жасалған. Шын мәнісінде клетка 
ұлпадан тыс, ұлпа мүшеден тыс, мүше ағзадан тыс тіршілік ете алмайтыны 
белгілі. Гистология, цитология және эмбриология фундаментальды 
биологиялық пәндерге жатады, яғни медико-биологиялық пәндерді 
оқытудың негізі және қызметтерін, ағза мүшелері құрамындағы тіндердің 
шығу тегі мен түрлерін, морфологиялық ерекшеліктерін, әр компоненттің 
тіршіліктегі рӛлі мен маңызын, ұлпалық деңгейдегі ұйымдасуының жалпы 
кӛрінісін зерттеу.
Микроскоппен зерттеу барысында ӛсімдіктер мен жануарлар ағзасының
бірнеше әртүрлі ұлпалар жиынтығынан тұратыны және олардың 
құрылымындағы элементарлық бірлік клетка екені анықталған. Ал, ұлпалар 
арасындағы айырмашылық, олардың ағзаға қажетті белгілі бір функцияны 
атқару үшін, арнайы құрылымдарға ие болуы.
Клеткалардың функциясы физиологиялық қасиеттерге негізделген. 
Физиология (грек сӛзі 
физис
– табиғат) бүтін ағзаның және оның бӛліктерінің 
функциясын зерттейтін ғылым. Ағзаға тән физиологиялық қасиеттердің кӛбісі 
бір клеткалы амеба мен инфузорияда зерттелген. Себебі, бір клеткалы ағзалар 
– тіршілік иелері, олар тіршілік ету үшін, ағзаға қажетті болған барлық 
функцияларды атқарады.



Клетканың физиологиялық қасиеттері: 
Тітіркену
– химиялық, физикалық тітіркендіргіш факторларға 
клеткалардың реакция беру қабілеті және ол реакцияны бақылауға болатыны. 
Тітіркену процесінің жүргенін клетканың келесі қасиеттерінен бақылауға 
болады. 
Өткізгіштік
- тітіркендіргішті қойған жерде туындаған толқын тәрізді 
тітіркену клетка беткейлігінде таралып, оның басқа бӛліктеріне жетуі. 
Толқынның клетка бойынша таралу жолының ӛлшемі электрлік 
потенциалының ӛзгеруімен есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет