Микроскопка дейінгі кезең біздің эрамызға дейінгі Y ғасырмен XYII
ғасыр (1665 ж) аралығын қамтиды. Бұл кезеңде жануарлар мен адам
ағзасындағы әртүрлі ұлпалардың сипаттамасын анатомиялық зерттеулерді
қолдану арқылы анықтауға әрекет жасалған. Жалпы ағзаны ұлпаларға бӛлу
жӛніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның,
Везалийдің, Фаллопийдің және т. б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың пайда
болуынан басталады. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық
оптиктер Янсендер 1590 жылы жасаған дейді. Атақты Галилей де 1612
жылы микроскоп құрастырған, ал 1624 ж. сол аспапты тәжірибеде пайдалана
алу деңгейіне жеткізген. Бұл аспап 35-40 есеге дейін ұлғайтқан. Бір жылдан
кейін И. Фабер осы аспапты "микроскоп‖ деп атады. Алғашқы ойлап
табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмаған.