10
микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді —
штативі азды-
кӛпті жетілдірілді. Бірақ, сол кезде ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз
кӛңіл бӛлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді (3 сурет).
Марчелло Мальпиги
10.03.1628-30.11.1694 жж.
3 - сурет.
Неемия Грю
26.09.1641-25.03.1712 жж.
Антони ван Левенгук
24.10.1632-23.08.1723 жж
XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде ӛсімдіктер
жасушасын
зерттеуде елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII ғасырларда ӛсімдік
жасушасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар ӛз
назарын жасушаның ішкі құрылысына аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы
ширегінде зерттеушілер жасушадағы ядроны (1825) байқады. Оны алғаш
тауық
жұмыртқасынан тауып, ұрық кӛпіршігі деп атады. Кейінірек ӛсімдік
жасушасының ядросын 1831 жылы Британиялық ботаник Р. Броун ашты.
Осыдан кейін жасушаның қалған құрылымын атау үшін Австриялық
анатом, гистолог Я. Пуркинье «протоплазма» (1839-1840)
деген термин
енгізді. Сонымен, 1830 жылдары ӛсімдіктер анатомиясын зерттеу ісінде елулі
жаңалықтар ашылды. Егер де XIX ғасырдың басында жасушаның ӛзінің не
екендігі, ӛсімдіктердің жасушалық құрылысының маңызы жӛніндегі мәселе
әлі де
анық болмаған болса, ӛткен ғасырдың екінші ширегінің бас
кезінде жағдай басқаша ӛзгерді. Барлық ӛсімдіктер
организмінің
құрылымдық элементі - жасуша екендігі белгілі болды.
XIX ғасырдың басында микроскоптық зерттеулердің кең таралуы
жасушалық құрылыстың ӛсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де
тән екенін кӛрсетті. Бұл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері
кӛп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркинье ӛзінің шәкірттерімен бірге адам
11
мен жануарлардың әр түрлі ұлпаларын зерттеді. Я.Пуркинье микроскопиялық
анатомияның
ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да
негізін салушылардың бірі болды (4 сурет).
Неміс биологы Иоганн Мюллер мектебі
ғылым тарихында ерекше
орын алады. Оның шәкірттері Т. Шванн, Я. Генле, Р. Ремак гистологияның
Достарыңызбен бөлісу: