18
жіпшесінен және белок молекулаларынан
тұрады. Барлық органоидтары бар.
Бӛлінуі митоз жолымен жүреді.
Эукариотты жасушалардың негізгі тұқым қуалайтын материалдары ядрода,
ал оның кішкене бӛлігі цитоплазмада орналасқан. Цитоплазмадағы тұқым
қуалайтын материал жасушаның органоидтарында – митохондрияларда және
пластидтерде болады, ол сақина тәрізді ДНҚ молекуласынан тұрады.
Цитоплазмалық тұқым қуалаудың кӛрініс беруі ядродағы ДНҚ-ның
бақылауында болады және жұмыртқа жасушасының цитоплазмасы арқылы
берілетін, аналық ерекше біржақты тұқым қуалау типі болып табылады.
Цитоплазмадағы тұқым қуалау бастамаларын плазмондар, ал бастаманың ӛзін –
плазмагендер деп атайды. Ӛткен жүз жылдықтың 80-ші жылдары эукариот
жасушаларының ядросында жіп тәрізді құрылымдар - хромосомалар
анықталды.
Ядродағы хромосомалардың құрылысы күрделі, ДНҚ мен гистонды
белоктардан тұрады. Хромосомалардың қызмет атқарулары митотикалық
циклдың кезеңдері мен фазаларындағы құрылымының ұйымдасу жағдайына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: