синтетикалық кезең деп атауға болады.
Қазақстан ғалымдары академиктер Б.А.Домбровский, Ф.Мухамедгалиев,
Т.Масенов,
А.Мурзамедиев,
профессорлар
И.Чагиров,
Ф.Халилов,
М.Х.Нұрышев,
С.Т.Нұртазин,
Т.М.Шалахметова,
Қ.Ә.Сапаров,
Г.С.Васильева, Р.Ж.Жаппасов және тағы басқалары цитология мен
гистологияның дамуына белгілі дәрежеде ӛз үлестерін қосты.
Сонымен, цитология – биология ғылымдарының ішіндегі ең жас ғылым,
оның жасы шамамен – 100 жылдан асса, «клетка» ұғымының жасы 300
жылдан асып кеткен.
Тіршіліктің жасушаға дейінгі формалары Барлық органикалық дүниенің кӛп түрлерінің ішінде бір-бірінен
айырықша ажырайтын 2 топ бар - жасушалық және жасушаға дейінгі
формалар.
16
Жасушаға дейінгі формаларға вирустар мен фагтар жатады. Олар екі
бӛліктен тұрады: