Негіздері


Гистологияның электронды микроскоптық кезеңі 1950 жылдан



Pdf көрінісі
бет15/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Гистологияның электронды микроскоптық кезеңі 1950 жылдан 
басталады.
Гистологияның ілгері дамуына неміс ғалымдары Е. Руска, М. 
Кнолль, Б.Боррненің электронды микроскопты 1928-1931 жылдары ашулары 
мен оны гистологиялық зерттеулерде 50-ші жылдардың басында қолдануы 
әсерін 
тигізді. 
Келтканың 
құрылысы 
қысқа 
мерзімнің 
ішінде 
ультрақұрылымдық деңгейде зерттелді. А.Родин пероксисомаларды 1954 
жылы ашты. Екі ірі ғылыми жаңалықтың ашылуымен 1955 ж. сипатталады: 
Г. Паладе рибосомалар мен эндоплазмалық торды, К. де Дюв лизосомаларды 


15 
ашты. 60-шы жылдардың басында сол кезеңге дейін белгісіз болған 
органеллалардың барлығы анықталды. Жарықтық микроскоптың деңгейінде 
белгілі болған органеллалардың нәзік құрылымы анықталды. Электронды 
гистохимия мен электронды ауторадиография әдістері 60-80 жылдары дами 
бастады. Барлық жасушалардың, ұлпалардың және мүшелердің электронды 
микроскопиялық 
сипаттамасы 
осы 
кездерде 
аяқталады. 
Ультрақұрылымдарды 
үлкейтіп 
кӛрсететін 
сканерлік 
электрондық 
микроскоптар гистологиялық зерттеулерге енгізіледі. 
Электронды микроскоптың енуімен қатар жарықтық микроскоптың 
әдістері 
гистологиялық 
зерттеулерде 
жетілдіруін 
жалғастырды. 
Флуоресцентті бояулармен ұлпалар мен жасушаларда анықтайтын заттарды 
таңбалауға негізделген иммуноцитохимиялық және иммуногистохимиялық 
әдістер ашылды. Әртүрлі типке жататын жасушаларды, гормон және әртүрлі 
биологиялық белсенді заттарды бӛлуші, жасушалық рецепторларды, 
секреторлық және биосинтетикалық процестерді бұл әдістермен дәлірек 
ажыратуға болады. Иммуноцитохимиялық және гистохимия принциптер 
кейінірек электронды микроскопта да қолданылды. Сонымен қатар, 
таңбаланған антиденешіктер ретінде коллоидты алтын мен ферритинді 
қолдана бастады. Жарықтық және электрондық авторадиография әдістері 
рецепторлардың орналасуын, жасушалардың бӛліну заңдылықтарын
жасушалардағы макромолекулалардың синтезі мен секрециясы туралы 
деректерді алу үшін кеңінен қолданыла бастады. Бұл әдістер 
морфофункционалдық, синтетикалық болғандықтан, гистологияның даму 
барысындағы үшінші кезеңді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет